Жұма, 18 Қазан 2019
Ұят-ай! 4473 0 пікір 31 Тамыз, 2015 сағат 10:29

ҚАЗАҚ ЕЛІ ЖАЛҚАУЛАР ЕЛІНЕ АЙНАЛМАЙ МА?

«Екі қолға бір күрек табылса», - деп алақанына түкіріп отыратын, жұмыс көрсе жапырып тастайтын азаматтар ел ішінде аз емес. Алайда, жатып ішер жалқаулардың да қарасы молайып бара жатыр. Қазақтың бұл «тірлігі» бүгіндері қоғамдық пікірдің талқысына түсіп те қалады. Жасыратыны жоқ, атан жілікті жігіттердің осы күні кемпір-сампырдың шаруасына араласып, қара базарларда қаңғып жүргенін немесе әйеліне ала қапты арқалатып қойып талтайып төрінде жатқанын да білеміз. Мына бетімен кете берсе, ертең қазақ жұрты кер жалқаулар еліне айналуы әбден мүмкін.  Әлеуметтік желілердегі жазбалар да осына уайым ете бастаған сыңайлы. Оқып көрейік.  

Камал Әбдірахман:

Он жыл бұрын, төрт өзбек жігіті, төрт айда, төрт жүз шаршы метр үйді Қабанбай батыр кесенесінің жанына салып беріп еді. Үйдің сапасына мамандар әлі күнге разы. Сол жігіттер мені жыл сайын ақпан айынан бастап мазалайды. Жұмыс сұрайды. Өз беттерімен келсе жұмысын жасаттырғандар ақымызды төлемей қоя ма деп, мені ортаға салатындарын түсінемін. Көмектесемін. Көк тиындарына ортақтаспаймын. Биыл да солай. Мамырда келген. Қарашада салып жатқан үйлері біткен соң қайтады.

Ауылда зіңгіттей азаматтар "жұмыс жоқ" деп сенделіп бос жүр. Бірақ, мал бағатын адам жоқ!!! Мал бағу деген  - таңертең кетіп, кешке келіншегінің қасына жантаятын шаруа ғой. Айлап үй көрмей кетпейсің. Осы бауырларымның бір де, бірі менен "жұмыс бар ма" деп сұраған емес.

-Япыр- ау, мал баққаннан жерігендерің не?- десем,

-Біреуге құл боламын ба?- дейді қасқайып тұрып.

Не дейін енді?

Айгүл Орынбек:

Бүгін 20 жастағы жігіттің күрек ұстауға намыстанып тұрғанын көрдім.

Ал түрік елінде 75 жасындағы ата ине ұстап, киімдерге реставрация жасап отыр.

Сасық көкрек, жалған намыс, өтірік екі жүзділік!

Abai.kz

  

 

 

0 пікір