Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4865 0 пікір 25 Желтоқсан, 2014 сағат 15:15

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС ОН БЕС НЫСАНҒА КӨБЕЙДІ

Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 15 жаңа нысан іске қосылды.

«Онлайн» режимінде өткен шарада индустрияландыру картасы бойынша бекітілген жаңа жобалардың тұсауы кесілді.

Олардың қатарында:

Шығыс Қазақстан облысындағы «Посук Титаниум» ЖШС-ның титан құймалары мен балқымалары өндірісінің зауыты, Қарағанды облысының «Алтыналмас» АК» алтын өндіруші фабрикасы, Ақтөбе рельс арқалық зауыты, Орал трансформатор зауытының электротехникалық өнімдер өндірісі, халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізінің: Сырдария өзені арқылы өтетін 220 метрлік көпір – бөлігі, Алматы облысы бойынша «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты, Маңғыстау облысындағы «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС мұнай сақтау және мұнай өнімдерін сақтау терминалы, Степногорск күкірт қышқылы өндірісінің зауыты, Жамбыл облысындағы қуаты 21 МВт жел электрстанциясы құрылысының бірінші кезеңі, Алматы қаласындағы «Сәуле» тігін-тоқыма фабрикасы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына кіретін, бельгиялық технология бойынша кілемдер өндіруші – «Назар Текстиль» ЖШС зауыты,  Павлодар облысындағы «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-ның ұнтақ полипропилен грануляциясы цехы, Хош иісті көмірсутектер өндірісінің кешені, Солтүстік Қазақстан облысындағы «ӘулиеГолдМайнинг» алтын өндіру фабрикасы және Астанадағы «Астык Логистик» ЖШС-ның «А» сыныбы санатындағы қоймалық кешені.
Сондай-ақ, жалпыұлттық телекөпір барысында елдің индустриялық саясатының алғашқы бесжылдығының нәтижелері қорытындыланып, өңірлердегі бұған дейін пайдалануға берілген өндірістердің қалай жұмыс істеп тұрғандығы көрсетілді

Абай-ақпарат. 

0 пікір