Сенбі, 27 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 5084 0 пікір 3 Қаңтар, 2015 сағат 12:00

ЕАЭО: ТӨРТЕУ ТҮГЕНДЕЛДІ...

Жаңа жылдың екінші күнінен бастап Еуроазиялық экономикалық одақтың құрамы төртінші мемлекетпен толықты. Енді Ресей, Белорусь елдері сияқты Қазақстан да Армениямен одақтас ел атанды.

Әзірге Армения Одақтың толыққанды мүшесі атанса да атқарушы органдардың мүшесі ретінде ол жыл соңына дейін толық құрамда қатыса алмайды. Ал, 2015 жылдың соңында Еуразиялық экономикалық комиссияның қазіргі мүшелерінің уәкілеттілігі тоқтайды.
Армения үшін ЕАЭО аумағына кіретін тауарлардың баж салығынан түсетін үлес 1,13 пайызды құрайды. Осыған орай Белорусь елінің үлесі 407 пайыздан 4,65 пайызға дейін, Қазақстандікі 7,3 пайыздан 7,25-ке дейін, Ресейдікі 88 пайыздан 86,97 пайызға дейін қысқарды.

Абай-ақпарат. 

0 пікір