Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5989 0 пікір 17 Қаңтар, 2015 сағат 12:19

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ. АШЫҚ ХАТ

(Қазақстанның барлық əкімсымақтарына)

 Əкім мырза,

Мен саған жыр арнадым,
Құлағыма келеді Құрандағы үн.
"Патша біткен жердегі көлеңкесі" - 
Көрінеді - "бір Алланың!"

 

Шындық па? Байыбына барыпты кім? 
Жақсы болсын, əйтеуір, жарықтығым!
Құдайдың есімі бар халық деген...
Көлеңкесінен шошиды халық бүгін!

 

Сайтанменен ойнайды, Түленмен де,
Əкім сиқы əпенді, білем мен де!
Таң қаламын, əумесер əулекілер:

- Патшаның көлеңкесімін деп шіренгенде.

 

Меңіреу күй ойлатпас ел ертеңін,
Ақын айтты ағытып өлең теңін! 
Құдайдың көлеңкесі жетер бізге,
Көлеңкесі болмайды көлеңкенің!

0 пікір