Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5851 0 пікір 27 Мамыр, 2014 сағат 14:53

УКРАИНА ТМД-ДАН ШЫҒАДЫ

Украина ТМД-ға төрағалық етуін доғарады және Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан шығу процесін бастайды. Бұл туралы журналистерге  Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысы Андрей Парубий мәлімдеген.  «Укринформ» жаңалықтарының жазуынша мұндай шешім Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінде шығарылған. Сондай-ақ онда Украина территориясында «Украина қауіпсіздігіне кепілдік берген одақтастар» атты Украин әскерлерінің біріккен оқу-жаттығуын өткізу туралы да шешім шығарылған.

 Естеріңізге сала кететін болсақ Украина биылғы жылдың бірінші қаңтарынан ТМД-ға төрағалық етуде. Биыл ТМД-да "туризм" жылы болып жарияланған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір