Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3757 0 пікір 8 Шілде, 2014 сағат 12:25

Елбасы марқұм Шеварднадзенің отбасына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат -  хабарлады.  

Жеделхатта Эдуард Амвросиевич Шеварднадзенің дүние салғаны туралы қаралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған.

Мемлекет басшысы Грузияның экс-президентінің туған-туыстарына шын көңілден қайғыра көңіл айтып, Э.Шеварднадзе өз Отанының игілігі үшін орасан көп іс атқарған грузин халқының аса көрнекті өкілі, көреген саясаткер болғанын атап өткен.

«Кәсіпқойлығы және ісіне адалдығы, тамаша адамгершілік қасиеттері оны білетіндердің баршасының шынайы құрметіне бөледі. Э.А.Шеварднадзенің жарқын бейнесі әрдайым біздің жүрегімізде сақталады», - делінген жеделхатта.

Абай-ақпарат

0 пікір