Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4454 0 пікір 22 Тамыз, 2014 сағат 12:10

2014 жылы жастар саясатына 1,5 млрд-тан астам қаржы бөлінген

Бұндай ақпаратты  бүгін Білім беру қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінің отырысы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім еткен. ҚазАқпараттың хабарлауынша, министр  елімізде бүгінде  бір мыңнан астам жастар ұйымдары қызмет етіп жатқанын, оның 11-і республикалық ұйымдар болып табылатынын жеткізген. Мұнша көлемдегі қаражат жастар жұмыссыздығын қысқартуға бағытталмақ. Сондай-ақ Сәрінжіплвтың айтуынша 16-29 жас аралығындағы жастардың   33,7 пайызы  (17 мың адам) жұмыссыз екен. Парламент Мәжілісіне «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы енгізілгеніне тоқталған ол, «мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін биыл республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді», - деп баян еткен.

Абай-ақпарат

 

0 пікір