Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5054 0 пікір 26 Тамыз, 2014 сағат 19:12

Қ.Тоқаевтың «БҰҰ ой-толғамдары» атты жаңа кітабы шықты

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы көрнекті дипломат әрі саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Reflections at the United Nations»- «Размышления в ООН» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бұл турлы ҚазАқпарат жазды.

Кітапта Қ.Тоқаевтың ағылшын, француз, орыс және қытай тілдеріндегі негізгі сөз сөйлеулері, сонымен қатар БҰҰ Бас  хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімшесінің  бас директоры және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретіндегі мақалалары мен сұхбаттары жарияланған.

«БҰҰ Женева бөлімшесі тарихында (1947 жылдан 1957 жылға дейін ол БҰҰ-ның Еуропалық бөлімшесі атанған болатын) БҰҰ Бас хатшысының шешімімен жаңа парақ жазылды: жаһандық ауқымдағы іс-шараларды қамтамасыз етумен айналысатын осынау маңызды кеңсені алғаш рет Азия өкілі басқарды. Мұндай мәртебе 2011 жылға дейін 1952 жылғы басшылық жасаған бір американдықты қоспағанда тек еуропалықтардың маңдайына бұйырған еді», - деп жазыпты Қ.Тоқаев кітаптың алғысөзінде.

Туындыда Женеваның әлемдік дипломатияның орталығы ретіндегі бірегей рөлі паш етіліп, БҰҰ Женева бөлімшесі штаб-пәтерінің - Ұлттар сарайының салыну тарихына қатысты қызықты деректер келтірілген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір