Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2211 0 пікір 30 Сәуір, 2010 сағат 06:38

Қазақстанда «Таза ауа» айлығы басталды

Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ - 30 сәуірде Қазақстанда «Таза ауа» акциясы басталды, деп хабарлайды көлік және коммуникация министрлігінің (ККМ) баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, бұл акцияны ККМ көліктік бақылау комитеті көліктік бақылау, санэпидқадағалау органдарымен, жол полициясымен бірлесіп 30 сәуір мен 30 мамыр аралығында өткізеді.

«Шараның масқаты - тасымалдаушылар мен автокөлік құралдары жүргізушілерінің автокөлік құралдары тастайтын ластаушы заттардың құрамына қатысты экологиялық талаптар мен нормаларды сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алу және жол бермеу», - делінген хабарламада.

Автокөліктерді тексеру көлікті бақылаудың қозғалмалы және стационарлық бекеттерінде «газанализаторлар мен түтін өлшегіш құралдардың көмегімен» тексеріледі.

Хабарламада атап көрсетілгендей, ҚР заңнамасының талаптарын көлік саласында өрескел бұзу деректері анықталса, жеке және заңды тұлғаларға қатысты заңда бекітілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

ККМ ақпараты бойынша, 2009 жылы осындай шара барысында әрбір алтыншы автокөлік құралы экологиялық талаптарды бұзатыны анықталған. «Өткен жылы 10082 көлік құралы тексеріліп, ауаға шамадан тыс ластаушы заттар тастаудың 1623 оқиғасы тіркелді», - делінген ақпаратта.

0 пікір