Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5609 0 пікір 1 Сәуір, 2014 сағат 12:55

Көкпектіде опат болған 5 адамның аты-жөні белгілі болды

31 наурыз күні Қарағанда облысы, Көкпекті аулының маңындағы су қоймасының жарылып, 400 адам басқа көшірілген. Су тасқыны салдарынан 5 адам опат болған еді. Бүгін төтенше жағдайлар министрі В.Божко опат болған адамдардың аты-жөнін жария етті.

Олар:

Ноғаев - 1924 жылы туған

Ноғаева – 1962 жылы туған

Нагибина – 1926 жылы туған

Ромашенко – 1942 жылы туған

Скибицкий  - 1979 туған

Опат болған адамдардың отбасына көмек ретінде 1 миллион теңге беріледі.

Министрдің мәліметінше, 149 үйді су алып кеткен. 15 үй жартылай бұзылған.

Сондай-ақ, 26 адамға медициналық көмек көрсетіліп, 6 адам ауруханаға жатқызылған.  Көкпекті су қоймасы 1951 жылы қолданысқа берілген. «Агрофирма Шанырақ» ЖШС-не қарасты су бөгетінің жылпы сыйымдылығы - 1,5 миллион.

В.Божка күн жылынып, қалың түскен қардың еруіне байланысты Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жағдай алаңдататып отырғанын да  айтады.

Абай-ақпарат

0 пікір