Дүйсенбі, 21 Қазан 2019
Жаңалықтар 1634 0 пікір 28 Сәуір, 2010 сағат 06:50

Мамырда ұялы байланыс абоненттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы SMS хабар алып тұрады

Астана. 28 сәуір. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Мамыр айы бойына «Сенің «жемқорлыққа жол жоқ» деуің мәнді» атты акцияның аясында қазақстандық ұялы байланыс абоненттері өздерінің телефондарына жемқорлықпен күресті насихаттайтын хабарлар мәтіндерін алып тұрады, деді «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин.

Оның  айтуынша, аталған акция экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесе жүргізіліп отыр.

«Партия мен агенттік акция аясында атқарылатын шаралар жоспарын бекітті. Атап айтқанда, азаматтар және кәсіпкерлермен кездесу, жылжымалы көрме ұйымдастыру, жастар арасында пікірталас пен конкурстар өткізу, жемқорлыққа қарсы плакаттар шығару қарастырылған. Биыл біз ұялы байланыс мүмкіндіктерін пайдалану арқылы SMS-хабарлар жіберетін боламыз», - деді Н. Нығматуллин сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Бұдан басқа, дейді қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаров «Қазпошта» АҚ арқылы кітапшалар таратылып, онда жемқорлық фактілері бойынша шағым беру үлгілері көрсетілген бланктер болады. «Кітапшадағы бланкті толтырып, Қазпоштаның кез келген жәшігіне салу арқылы сіз жемқорлықтың сізге белгілі фактісі туралы мәлімдей аласыз. Сондай-ақ еліміздің ірі сауда орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған үнпарақтар таратылып, онда қаржы полициясының сенім телефондары көрсетілетін болады», - деді ол.

Патрияның бірінші төрағасы акция екінші рет өткізіліп тұрғанын және жылда өткізілетінін нақтылап өтті.

«Бүгін қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген қалыптасып қалған төзімділік пен немқұрайлық, селқос пейілін өзгерту өте маңызды. Адамдарды тиісті органдарға жүгінуден қорқу психологиясынан арылту керек. Біз, қазақстандықтар өзінің құқығын анық білулері керектігін, қандай да құқық бұзушылық жағдайда қалай әрекет етулері керектігі туралы нақты іс-қимыл алгоритмін білулері керектігін түсінеміз», - деп атап өтті Н. Нығматуллин.

0 пікір