Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5355 0 пікір 25 Сәуір, 2014 сағат 11:21

ИРАНДА БЕНЗИН 75 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ

Иран үкіметінің  мемлекеттік субсидияны алып тастауынан жанар-жағармай бағасы қымбаттады. BNews.kz-тің жазуынша Иранда бензин бағасы 16 АҚШ центінен 28 центке өсіп, 75% қымбаттаған. Сұйық отын құятын бекеттерде үлкен кезек түзілгеніне қарамастан  ешқандай халық наразылығы бола қоймады. Бензиннің қымбаттаған бағасымен де Иран әлем бойынша ең арзан жанар май сататын мемлекет. 25пайыздық жұмыссыздары бар Иран үшін алдағы уақытта орта таптарға қиындықтар болуы мүмкін дейді сарапшылар.

Абай-ақпарат

0 пікір