Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2852 0 пікір 2 Сәуір, 2010 сағат 10:39

Футболдан әлем кубогының Қазақстанға келуіне қанша күн қалғанын көрсететін табыло іске қосылды

Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Футболдан FIFA әлем кубогының Қазақстанға келуіне қанша күн қалғанын көрсететін, уақытты кері есептейтін табло Алматыдағы орталық стадионның кірер есігінің алдында іске қосылды.

Таблоны іске қосып тұрып, ҚР футбол федерациясының вице-президенті Сейілдә Байшақов, әлем кубогының елге келуі - спорттың дамуына септігін тігізеді, деп айта отырып, кубок келешекте қазақстандық жанкүйерлердің тұрақты қонағы болады деген үміт білдірді.

Еске сала кетсек, кубок арнайы чартерлік ұшақпен 16-шы сәуірде Алматы әуежайына қонады да, онда әлем футболының басты жүлдесін салтанатты қарсы алу рәсімі өтеді. Келесі күні ол Астанаға аттанады.

«Тур кезінде әрбір қалаған азамат футболдан әлем кубогын өз көзімен көріп, естелікке суретке түсіп және әлем біріншілігінің үздік сәттерін көрсететін арнайы 3-D фильм көре алады», - дейді «Кока-Кола» компаниясының арнайы өкілі Арыстанбек Нұрмаханов.

Мұндай мүмкіндік Алматылықтар үшін 18-ші сәуірде бір күн «Кока-Кола Алматы ботлерс» зауытының территориясында туады.

Кубок өзінің сапарын былтыр 21-ші қыркүйекте Цюрихтегі ФИФА штаб-пәтерінен бастады да, 4-ші мамырда Оңтүстік Африкада аяқтайды. Онда жазда футболдан әлем чемпионаты басталады. Турне барысында кубокты әлемнің 86 елінің жанкүйерлері көре алады.

Әлем кубогының биіктігі 36,8 см, салмағы 6,17 кг және таза алтынан жасалған. Жеңімпаз ел оны келесі жарысқа дейін сақтап, алтын жалатылған көшірмесін алады.

Қазір футболдан әлем кубогының иесі - Италия құрамасы.

Кубоктың Қазақстанға келуіне 14 күн қалды.

0 пікір