Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5088 0 пікір 30 Қаңтар, 2010 сағат 06:50

Тайландтағы қазақстандық ұшақ экипажының тағдырын шешу мәселесі ақпанның 11-не қалдырылды – БАҚ

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Тайландта желтоқсанның 11-де тұтқындалған қазақстандық «Ил-76» ұшағының экипажына айып тағу ақпанның 11-не қалдырылды, деп жазады тайлық басылымдар.

«Тайланд прокуратурасы КХДР-дан декларацияланбаған қаруды тасымалдағаны үшін Бангкокта желтоқсанның 11-де тұтқындалған Ил-76 ұшағының 5 экипажына тағылуы мүмкін айыпты шығаруды ақпанның 11-не қалдырды», - деп жазады жұма күнгі  Bangkok Post.

Бұрындары Тайланд прокуратурасы ұшқыштардан қаруларды заңсыз тасымалдағаны мен ол туралы Тайланд билігіне хабар бермегені үшін тағылған айыпты алып тастау мүмкіндігі туралы жазған болатын.

Қылмыстық соттың басшысы Каясит Писсаванпракан, газетке берген сұхбатында, «прокуратура әзірге айыпты тағу-тақпау мәселесін шешкен жоқ, себебі көптеген құжаттарды зерттеу керек», деп айтыпты.

Осы себепті «айыптау жағы шешім қабылдауды тағы ұзартып, 11-ші ақпанға қалдырып, сот бес күдіктінің тұтқындалу мерзімін Бангкоктың оқшаулау абақтысында тағы 12 күнге ұзартуды сұрады».

Бұрын хабарланғандай, Бангкокта 12-ші желтоқсанда бортында 35 тоннаға жуық қару-жарағы бар Ил-76 жүк ұшағы ұсталған. Ұшақ КХДР-дан келе жатып, жанармай құю үшін Бангкоктың Дон Мыанг әуежайында қонуға рұқсат сұраған.

Ил-76 экипажының бес мүшесі  - Қазақстан азаматтары - 53 жастағы Александр Зрыбнев, 58 жастағы Виктор Абдуллаев, 54 жастағы Виталий Шумков, 53 жастағы Ілияс Исаков және Беларусь елінің 54 жастағы азаматы Михаил Петухов қамауға алынды.

БАҚ-тардың хабарлауынша, ұшақ экипажы КХДР-дан әкеле жатқан борт жүгінде не барлығын білмеген.

0 пікір