Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3488 0 пікір 26 Желтоқсан, 2009 сағат 06:52

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы. 26 желтоқсан. ҚазТАГ –  «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тауларда қар көшкіні болу мүмкіндігі туралы ескерту таратты.

«Жауын-шашынға және қар жамылғысының жұмсақтығына байланысты Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында желтоқсанның 25-сі мен 27-сі күндері қар көшкіні болуы мүмкін деп болжанып отыр», - делінген хабарламада.

«Қар көшкінін тудырмау үшін қар басқан тау баурайларына шықпауға кеңес беріледі», - деп кеңес береді метеорологтар.

ТЖМ-нің хабарлауынша, 25 желтоқсанда Іле Алатауында Кіші Алматы өзенінің бассейнінде №№ 1-3, 19, 21,23 қар жинақтағыштарынан жалпы көлемі 8100 м3 болатын алты қар көшкіні болған. «Қар массасы көлге, тау байрайына барып тоқтады, келген залал жоқ», - делінген хабарламада.

0 пікір