Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3481 0 пікір 24 Желтоқсан, 2009 сағат 06:20

Алматыда Қазақстанның тұрғылықты халық бойынша іс-қимылдардың Каирлық бағдарламасын орындау қорытындысы шығарылады

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматыда 24-25 желтоқсанда «Тұрғылықты халық және даму бойынша Каирлық бағдарлама: 15 жыл өткен соң» деген тақырыппен республикалық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Конференцияда Каирлық бағдарлама іс-қимылдарының Қазақстанда орындалуының қорытындысы шығарылады, қатысушылар тұрғылықты халық пен даму саласындағы мәселелерді талқылап, бағдарламаны алдағы уақытта орындау бойынша шаралар белгілейді.

БҰҰ-ның бағалауынша, Қазақстанда егде адамдардың үлесі жалпы халықтың 7,5% құрайды. Елімізде әйелдер мен ер азаматтардың саны, олардың өмір ұзақтығы бойынша айқын диспропорция байқалып отыр, бұл халықты көбейтуге және елдегі жалпы демографиялық ахуалға теріс әсер етеді, делінген хабарламада.

Конференцияны БҰҰ-ның тұрғылықты халық саласындағы Қорының қолдауымен  Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия  ұйымдастырып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар