Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3575 0 пікір 23 Желтоқсан, 2009 сағат 05:31

«ЖӘНІБЕК ПЕН КЕРЕЙГЕ» ТУЛАҚТАЙ ЖЕР ДЕ БҰЙЫРМАДЫ

Өткен қараша айының 11-і күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында «Болатхан Тайжан қорының» президенті Мұхтар Тайжан мен «Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының» жетекшісі Айдос Сарым Жәнібек пен Керей ханның және Батырлардың қоладан құйылған мүсіндеріне құзырлы орындардан жер сұрап журналистердің алдында баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Мәслихат барысында Мұхтар Тайжан мырза мүсіндерді жөндеуден өткізіп, билік рұқсат еткен жерге алып барып қою үшін кәсіпкерлер мен ел ішіндегі азаматтар қорға қаражат аударса деген тілегін білдірген-ді. Қорға келіп түскен қаржының қара бақырына дейінгі нақты мәлметтер abai.kz ақпараттық порталында тұрақты түрде жарияланатыны да сол жиынның үстінде айтылған.
Содан бері айдан астам уақыт өтіпті. Өкінішке қарай бастама көтерген қос бірдей қор басшыларына билік тарапынан тіс жарып ешкім хабарласпады.  Сол себептен қаржат жинау акциясы жабылып жатыр.
-Осы жайтке байланысты және мынаны айтқымыз келеді, - дейді Мұхтар Тайжан мырза, - акция жарияланғаннан дәл бүгінгі күнге дейін қорға жекелеген тұлғалардың тарапынан немесе мекемлерден қаражат түскен жоқ. Біз мұны банктегі құжаттарды көрсете отырып дәлелдей аламыз.

Қысқасы, «хандар мен батырлар неге күресін күзетіп қалады?» деп алқынған көптің тарапынан нақты көмек болған жоқ. Ал, Астанадағы билік болса, мүсіндердің сапасыз жасалғанын желеу етіп «Жәнібек пен Керейге» тулақтай жер бөліп беруге ынта танытпады.
Естеріңзге сала кетейік, қазақ мемлекетінің іргесін бекіткен Жәнібек пен Керей ханның және қазақ батырларының мүсіндері Елордада ашылған «Қазақ елі» монументіне қойылуы керек болған. Алайда, мүсіндер мемлекеттік комиссияның тексеруінен өтпеген әрі қытайда жасалғандықтан қытай билеушілеріне ұқсап кеткен сапасыз дүние ретінде  жарамсыз деп танылып монументтің сыртына ысырылып тасталды.  

«Абай-ақпарат»

0 пікір