Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2819 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 09:13

Оңғар озып шықты

«аbai.kz» ақпараттық порталының ұйымдастыруымен ғаламторда тұңғыш рет өткен интернет-айтыстың екінші жұбы Қуаныш пен Оңғардың екеуі де жас ақындар. Бірақ ел мен жердің мұңын айтып, халықтың зарын жеткізсем деген талпыныстары аса зор екенін айтыс барысында анық аңғардық. Ақиқатты ғана айтатын алмас жүзді алдаспен текті нағыз ақындар өсіп келе жатқаны қуантады. Бірден айта кетейік, айтыс тақырыбының тым күрделігінен қаймыққан бірқатар ақындардың түрлі сылтау тауып айтыспай қалғаны рас. Ал жас та болса бас болып айтысты интернет айдынына алып шыққан жаңа үрдіске үлес қосқан ақындарға алғыс айтамыз. Дауыс берген оқырмандардың 52 пайызы Оңғардың, 48 пайызы Қуаныштың сөз саптауынан басымдық байқапты. Қазылар алқасының бағасы да Оңғардың озып шыққанын көрсетті.
Ескерте кететін бір жайт, екі ақын бір қалада тұрады, әрі бірін-бірі күнделікті көріп жүрген жақын достар. Сондықтан болар, айтыстың көп тұсында додалы тартыс емес, достық пейіл мол болды. Сондықтан олардың қай-қайсысы да алымды ақын, жырынды жыршы Бауыржанмен қайымдассақ айтыс көрігінің қызуы бұдан да күштірек болар еді деген пікірде. Ал ол бақыт Оңғар бауырымызға бұйырды.
Сонымен, «аbai.kz» ақпараттық порталының ұйымдастыруымен алғаш рет өткен интернет-айтыстың финалында Бауыржан мен Оңғар сөз сайыстыратын болды. Финалдық айтыс ертең 22 желтоқсан күні сағат 11-де басталады.

Ақындарға сәттілік тілейміз!

0 пікір