Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2993 0 пікір 20 Желтоқсан, 2009 сағат 08:21

Қауіпсіздік мәселлелері ғаламдық масштабта ғана қарастырылуға тиіс – Қырғызстан президенті

Алматы. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев қауіпсіздік мәселесін аймақтарға бөліп қарауға болмайды деп есептейді.

«Бүгінде қауіпсіздік мәселесін Еуропада немесе Азиядағы деп жекелеп қарастыруға болмайды. Қауіпсіздік мәселесі тек кешенді түрде бүкіл жер шары мен Еуразиялық құрлықта қарастырылуға тиіс», - деді ол жекелеген ТМД мемлекеттерінің Алматы маңындағы «Ақ Бұлақ» тау шаңғы курортында өткен бейресми саммитінде.

Осыған байланысты Қырғызстан президенті қауіпсіздік проблемасын жекелеп Орталық Азия немесе Еуропа үшін шешу тиімсіз деп есептейді.

Сондай-ақ, Қ. Бәкиев Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін Астанада шақыру туралы бастамасына қолдау білдірді.

«Қырғызстан Қазақстанның келесі жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастамасын толығымен қолдайды», - деп ол атап өтті.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына кандидатурасын ТМД елдері ұсынғандықтан, Қырғызстан Астананың осы халықаралық ұйымға төрағалық жылында «қауіпсіздік проблемасын тек ортаазиялық аумақта ғана емес, ғаламдық масштабта да дамытады деп күтеді», - деп қосты Қ. Бәкиев.

Қырғызстан президенті «бейресми саммиттер талқылап отырған мәселелер спектрі және ондағы қабылданып отырған шешімдер бойынша ресми саммиттерден үлкен» екеніне өз әріптестерінің назарын аударды. Ол құрылуы туралы шешім осындай бейресми саммитте қабылданған ұжымдық жедел әрекет етуші күштердің құрылуын мысалға келтірді.

0 пікір