Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2664 0 пікір 17 Желтоқсан, 2009 сағат 08:39

Үлкендердің ойыны немесе қай жеңгені кімдікі?

СОҒЫС... Осы бір сөз қай заман, қай кезеңде болсын, жалпы бұқараны былай қойып, анау-мынау жөпшенді кісінің өзін селк еткізіп, үрейін алары даусыз. Саналы ғұмыр кешуді бастаған кезінен бергі уақыт ішінде адамзат баласының басынан қаншама қантөгісті шайқастар өткенін санамалап шығу да оңай,.. жоқ, тіпті мүмкін емес.

Ал өзіміздің «фашистер мен қызылдар» деп атап алған ойынды бала күнімізде талай мәрте ойнағанымыз да рас. Бала қиялдың режиссурасынан туған сценаридің немен аяқталарын да ешкім болжап болмайтын. Сол сияқты біз сөз еткелі отырған соғыс басталған жылы туған сәби бұл күнде ата сақалы аузына түскен ақсақал жасында. 1941-45 жылдар аралығындағы Ұлы Отан немесе дәлірек айтқанда, 1939-дан басталған Екінші дүниежүзілік соғыстардың ардагерлері - әкелеріміз, аталарымыз сол қан майдандардың көсемдері Гитлер мен Сталин есімдері аталғанда алғашқысынан шошқадай жиренсе, соңғысын әулие тұта аспанға асқақтататын. Фашизмді жеңгенімізді (бұрынғы КСРО-ның бүкіл халықтары) керемет абырой санап келгеніміз, келе жатқанымыз да өтірік емес. Қазіргі таңда саусақпен санарлықтай ғана болып қалған көзі тірі қарттарымыздың айбынынан сескенгендігіміз бе, әлде күмістей жарқыраған аппақ сақалдарын сыйлағандығымыз ба (біздің Қазақстандағы), әйтеуір, сол Ұлы Жеңіс күнін ерекше құрметпен атап өтетініміз тағы да ақиқат.

Біз осылай кіршіксіз романтикалық ойлармен, өткенге үлкен құрметпен қарап жүргенімізде, Тарих ақсақал біртіндеп өз түзетулерін жылнамасының беттеріне енгізіп те жатыр. Сол алапат соғыстың басталуына кім мүдделі болды, кім құныкер, кім айыпкер деген де сауалдардың жауаптары табылып жатқан сыңайы бар ма, қалай? Әрине, қай кезде де тарихи құндылықтарымыз бен жәдігерлерімізге құрметпен қарап үйренген біздер үшін бұдан келіп-кетер пайда-зиян шамалы болар? Ақ сақалды майдангерлеріміздің де еңбектерін жоққа шығармақ ниетте емеспіз! Неге десеңіз, мейлі әлдебіреу түрткі болсын, мейлі бастайық деп өзара ауыз жаласқан да болсын-ақ, алайда «Отанды қорғау» атты қасиетті де ұлы ұғымның жетелеуімен аталарымыз бен әкелеріміздің қан төгіп, жан беріп, Сырбай ағамызша айтқанда «Қанша үйдің адамын ұрлап, қанша үйдің отын өшірген, қанша анаға ұлдарын майданнан қайтқан солдаттардан сұратқан» сұрапыл соғыстың қасіретін бір ғана ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы қабылдаған «Бөлшектелген Европаны бүтіндеу» атты Қарарына бола сызып тастау еш мүмкін емес және сызып тастауға ешкімнің құқығы жүрмейтін нәрсе деп кесіп айтқанымыз жөн болар. Себебі - Сталин заманы делінгенімен, ат қойылып, айдар тағылып отырған кезеңде жалғыз «бүрге мұртты» Гитлер мен «темір кительді» Сталин ғана өмір сүрген жоқ қой. Аталған ұйым әлгі аталған қарарында көрсетілген мәселелер бойынша Ресей өкіметіне Сталин дәуірі мен ұлтшылдық кезеңінде жазылған тарихқа қайта қарау керектігін талап етті.

Дұрыс-ақ, ЕҚЫҰ-ның осы жылғы шілденің 2-күні қабылданған резолюциясына тек осы жерінен келісуге болады. Алайда ондағы «қасқабасты ойшыл-сымақтар» мәселенің біз сөз етіп отырған қырын ұмытып кеткен сияқты. Тағы айтамыз, дұрыс, соғысқа кім мүдделі болды, не мақсатпен осынау алапат сұрапылды ойлап тапты, кім жеңгісі келді - міне, соларды анықтап, соларды тарих жылнамасынан сызып тастау жөнінде қаулы шығарып, қарар қабылдасын. Алайда миллиондардың жанын жаралап, миллиондардың қасіретке бөгуіне тұтастай бір халықты - ол орыс бола ма, неміс бола ма - айыптау, бүтін бір халық, бір емес-ау қаншама ұлттардың тарихтарында алтын әріптермен жазылып қалдырылған жайттарды қарындашты бір тарту арқылы өшіре салу тым артық, асқан өресіздік екенін қадап айтсақ, артықтық етпесі хақ. Бәлені өздері бастап алып, іс біткен соң төңірегінен кінәліні іздей бастайтын еуропалықтардың, жалпы батыстықтардың «катализаторлық» әрекеттеріне қалайша күйінбейсің? Осы жерде естеріңізге сала кетейік - біздің қолымыздағы мәліметтерге сенсек: 1939 бен 1945 жылдар аралығында 61 мемлекеттің 37 ұлтының 17 мен 20 жас аралығындағы 110 миллион жас мундирлер мен шинельдерге оранса, солардың 27 миллионы ата-ана құшағына қайтып оралмаған. Ал сол 61 мемлекеттің 37-сі соғысқа тікелей қатысқан. Басқа құрбандар туралы айтпай-ақ қойсақ па екен?

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының табан тіреп, шаштарын үрпитіп отырған мәселе - Молотов-Риббентроп келісім-шарты. Бірақ бұл Ұйым және оған осындай ой салып отырғандар «Маршалл жоспарын» әлде қасақана, әлде тарихи сауатсыздықпен назардан тыс қалдырып отыр. Неге? Бастамашының, яғни перде сыртында тұрғанның АҚШ екені көзі қарақты жанға айтпаса да түсінікті. Себеп - бұл ешқандай да көріпкелдік емес - Ұлы Қазан төңкерісі, Бірінші Дүниежүзілік, содан кейін Екінші дүниежүзілік соғыстар - бұлардың барлығының түпкі мақсаты - әлемдік империя құру, сөйтіп, дүниежүзіне әмірін жүргізу болатын. Алайда мұндай мүмкіндік Үшінші Рейхқа да, Коммунистік партияға да тие қоймады. Ұрыс тактикасына саясат араласқанына ой жүгіртсеңіз - бәрі де түсінікті бола қалады. Қалай дейсіз ғой, Үшінші Рейх пен Кеңестер Одағы өзара қырылысып, қанды белуардан кешіп жатқанда англосаксондар, дәлірек айтсақ, Құрама Штаттың басшылығы алақанын ысқылап, «қай жеңгенің менікі» деп отырды. Нәтижесінде дегеніне көп қиналмай-ақ жетті. Әуелі 2-Дүниежүзілік соғыста Германияны тырапай асырды. КСРО-ның (біздің ата-әкелеріміздің күшімен, қанымен). Ақыр соңында іштен шіріген Кеңестер Одағы өздігінен опырылып түсті. Бір таң қаларлығы - орыстың белгілі ғалымы Владимир Иванович Вернадскийдің осы соғыстың нәтижесі жөніндегі саяси «көріпкелдігі». Ол «1939-1945 жылдардағы соғыс АҚШ-тың жеңісімен, яғни АҚШ ұсынған даму жолының салтанат құруымен аяқталады» деген екен. Сөйте келіп, 1945 жылы әлем бұдан әрі қарай өмір сүрудің Ережесін таңдап алды. Аталған Ереженің негізіне алынған жайттарды тізіп өтсек, олар:

1. Потсдамдық саяси жүйе. Екінші дүниежүзілік соғыс жеңімпаздары белгілеген шекаралар. БҰҰ түріндегі фикциялар.

2. Әлемдегі доллардың үстемдігі.

3. Аумақтық жағынан шектеулі коммунистік империя.

1945 пен 1991 жыл аралығында бұл жүйе көпшілікккке тұрақсыз болып көрінді. Енді, сәл-пәлден кейін - Үшінші, ядролық соғыс өрті лап ете қалатындай болып көрінді. Бірақ олай болмай шықты. Жүйенің тұғыры берік екен. Ол жарты ғасырдан астам уақыт бойы мызғыған жоқ.

Әңгіме мұнымен бітті деуге болмайды...

Бейбіт ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

0 пікір