Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3833 0 пікір 29 Қазан, 2009 сағат 06:49

«Баян Сұлу» АҚ басқарма мүшесі, бас бухгалтерінің өкілеттігі тоқтатылды - KASE

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – «Баян Сұлу» АҚ басқарма мүшесі, бас бухгалтерінің өкілеттігі тоқтатылды. Бейсенбі күні Қазақстандық қор биржасының (KASE) сайтында осындай ақпарат жарық көрді.

«Баян Сұлу» АҚ ресми хатпен KASE-ге директорлар кеңесінің 2009 жылдың 26 қазанындағы шешімімен компанияның басқарма мүшесі Игонина Т.П. өкілеттіктері оның қызметтен кетуіне байланысты мерзімнен бұрын тоқтатылғанын хабарлайды», - делінген таратылған хабарламада. Ол компанияда бас бухгалтердің қызметін атқарған.

«Баян Сұлу» АҚ ҚР-дың ірі кондитерлік фабрикаларының қатарына кіреді. 2009 жылдың қаңтар-маусымында компанияның активтері 13,6 млрд теңге, жеке капиталы 2,97 млрд теңге болды. Аталған кезеңдегі кірісі 5,9 млрд теңгені, таза шығыны 512,3 млн теңгені құрады.

0 пікір