Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3306 0 пікір 27 Қазан, 2009 сағат 04:50

Архиепископ Волоколамский қазақстандық ұлтаралық және дінаралық татулықтың үлгісі басқа елдерге таратуға лайықты деп есептейді

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – ҚР парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге ресми сапары барысында мәскеулік Әулие Данил монастырында сыртқы шіркеулік байланыс бөлімінің төрағасы архиепископ Волоколамскиймен, Мәскеу патриархының және барша Ресейдің викариі Иларионмен кездесті, деп хабарлайды сенат баспасөз қызметі.

«Сұхбат барысында діннің қазіргі замандағы қоғамдағы рөлі туралы, дінаралық серіктестікті одан ары нығайту қажеттігі туралы тыңғылықты пікір алмасу болды, заманауи өркениеттің құндылықтарын сақтау мақсатында конфесияаралық қарым-қатынас пен диалогты дамытудың түрлері талқыланды», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.

Атап айтқанда, Архиепископ Илларион Астанадағы дін басыларының дәстүрлі форумының өркениет диалогын қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтеруде үлкен маңыздылығын атап өтті.

«Ол, Қазақстанды үлгілі мемлекет және Қазақстанның ерекше тәжірибесі мен ұлтаралық және дінаралық татулықтың үлгісі басқа елдерге таратуға лайықты, екенін атап өтті», - делінген хабарда.

Өз кезегінде Қ. Тоқаев архиепископ Илларионды Астанада жазда өткен дүние жүзілік және дәстүрлі діндердің лидерлерінің съезі туралы әңгімелеп, аталған форумға орыс православиялық шіркеу өкілдерінің қатысқаны үшін алғысын білдірді. 

Одан басқа,спикер, патриарх Кирилдің Қазақстанға сапары мен оның дүниежүзілік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті съезіне қатысуы конфессияаралық келісімді нығайту үшін үлкен маңызы болатынын атап өтті.

0 пікір