Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3491 0 пікір 2 Қазан, 2009 сағат 05:57

Қазақстанда бункерлік салмағы 21 млн тонна көлемінде соңғы 5 жылдағы екінші рекордты астық жиналды - Назарбаев

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан диқандарын егін орағы науқанының аяқталуымен құттықтады.

«Ағымдағы жылғы ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан республика диқандары дәнді дақылдардың жоғары өнімін өсіруге қол жеткізді. Астықтың жалпы жиыны алғашқы салмақпен алғанда 21 миллион тоннаға жуық болды, бұл – кейінгі бес жылдағы екінші рекордты өнім», - делінген жұма күні ресми баспасөзде жарық көрген құттықтауда.

Н.Назарбаев атап көрсеткендей,  «Жоғары өнімділік пен астық сапасына қол жеткізу – ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің және әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында дәнді дақылдардың егіс алқабын көбейтуге, өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға, ылғал ресурстарын сақтау технологиясына жаппай көшуге мүмкіндік берген астық өндірісін дамытуды жүйелі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі.

Мемлекет басшысы 16 миллион тонна шамасында астық жинаған Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының диқандары ерекше көзге түскенін атап көрсетті. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында рекордтық астық жиналды. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жаңа объектілерін пайдалануға беруде көп іс атқарылды.

«Ауыл еңбеккерлерінің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, республиканың астықты держава ретіндегі экспорттық әлеуеті мен қалыптасқан беделін көтеруге қосқан үлесі зор мақтаныш әрі алғыс сезіміне лайық»,-деп есептейді мемлекет басшысы.

«Сіздерді қол жеткен табыстарыңызбен құттықтаймын. Мықты денсаулық, игілік, еліміздің аграрлық секторын дамытуда жаңа табыстар тілеймін»,- делінген Н.Назарбаевтың құттықтауында.

Биылғы жылы 16,3 млн га аумаққа дәнді дақылдар егілді, соның ішінде бидай тұқымы 13,9 млн га алқапқа себілді. Еліміздің астық өсіруші негізгі аймақтар – Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. 2008 жылы республикада таза салмақта 15,6 млн тонна астық жиналды.

0 пікір