Сенбі, 18 Мамыр 2024
942 1 пікір 4 Мамыр, 2024 сағат 21:37

Елші: Сөз құдіреті - дала демократиясының бөлігі!

Сурет: uzreport.news

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм ел тұрғындарына, журналистерге су тасқынына қатысты үндеу жасап, дүниежүзілік баспасөз күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

«Осы Баспасөз бостандығы күнінде мен Қазақстанның барлық журналистеріне еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын, батылдықтарыңыз үшін рақмет және қоғамымызға саналы шешім қабылдауға көмектесу үшін сөз құдіретін пайдаланғандарыңыз үшін алғыс айтамын» - деп жазылған видеода.

Дэниел Розенблюм өз үндеуінде 2024 жылы аталмыш күн жаһандық экологиялық дағдарысты көрсетудегі журналистиканың рөліне арналатынын айтады.

«Қазақстан үшін бұл дағдарыс елдің көп бөлігіне әсер еткен алапат су тасқыны салдарынан дәл қазіргідей жақын сезілген емес. Елшіліктегі әріптестеріммен осы апаттың құрбандарына, үйлерінен, дүние-мүлкінен және кәсібінен айырылған мыңдаған адам үшін қатты қайғырамыз», - деді елші.

Ол ержүрек құтқарушылар мен көршілес елдердің жанашырлығы, отандастарына ерікті түрде көмек көрсеткен сансыз қазақстандықтардың ісіне қарап шабыт алғанын атап өтті.

"Журналистердің күн сайын маңызды ақпаратты жұртшылық пен Үкіметтің назарына жеткізе отырып, экологиялық дағдарысты еңсеруде рөлі орасан. Олар сізге шындықты жеткізіп қана қоймай, қоршаған орта туралы, сонымен қатар жаңалықтар сюжеті мен мәселенің барлық спектрі бойынша жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін сөз құдіретін пайдаланады», - деп атап өтті Розенблюм.

Оның айтуынша, сөз құдіреті қашан да Қазақстанның дала демократиясының мәдени дәстүрінде терең тамыр жайған маңызды бөлігі болып табылады.

"Қазақтың белгілі атақты ақындары, шешендері шешендігін басшылыққа елдестіруге, маңызды жаңалықты жеткізуге пайдаланды. Олар қоғамда құрметке ие болып, еңбектері жоғары бағаланды. Сол сияқты біз де бүгінде сөз құдіретін пайдаланып, бізді хабардар етіп және бізге әлемді ашып жүрген жандардың еңбегін құрметтеуді және бағалауды жалғастыруымыз керек», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2139
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2316
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651