Жұма, 17 Мамыр 2024
Ақмылтық 1700 6 пікір 2 Мамыр, 2024 сағат 18:13

«Қазақстандық трагедия» сериалы жалғасуда

Коллаж: ulysmedia.kz

Өткен аптада ҚР Прокуратурасы бұрынғы ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың ресми түрде ұсталғанын растады. Инсайд деректер оның қандай бап бойыншща тергелетінін де анықтап үлгерді: Е.Тұрғымбаевқа тағылған айып «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» болып отыр. Сонымен, қоғам 2022 ж. қаңтар оқиғасын тергеу әлі де аяқталмағанын, тергеу процестері үзбей жүріп жатқанын осы фактіден білді. Ендеше, болашақта қаңтар оқиғасына байланысты әлі де талай белгілі адамдар жауапқа тартылады деп күтуге болады.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 1962 жылы Алматыда дүниеге келген. 1984 жылы Қазақ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, көп жылдар осы салада қызмет атқарды. Республикалық Тергеу Комитетінде басшылық жасады. Ал, 2012 жылдан бастап ҚР ІІМ орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы ол ҚР ІІМинистрі болып тағайындалды.

Оның осы жылы министр болып тағайындалуында да бір жұмбақ бар сияқты. Өйткені, дәл осы жылы бұрынғы президент Н.Назарбаев та өз еркімен демалысқа кеткен болатын. Алайда, ол «демалысқа» кетсе де, оның алдында «Тұңғыш президент туралы» Заң шығарып, өзінің биліктегі бар ықпалын сақтады. Өзі Мемлекеттік қауіпсіздік Кеңесін басқара отырып, мемлекеттің барлық күштік құрылымдарына басшылық жасауды өз құзырында қалдырды. Ал, «Самрұқ‑Қазына» квазимемлекеттік құрылымы арқылы  (төраға ‑ күйеу бала Тимур Құлыбаев) экономикалық тетіктеріне басшылық жасады. Олай болса, бұрынғы елбасы өзі доғарысқа кетер алдында республикалық  күштік құрылымдарға «сенімді адамдарын» басшылыққа қалдырды деуге негіз бар. Е.Тұрғымбаев өзінің білімі мен қызметтік жолы жағынан, тіптен, елбасы назар аударатын «тумалық» жағынан да осы таңдауға толық сай келді.

Сол жылы елімізде президент алмасты. Билікке демократиялық көзқарастағы, халықаралық деңгейдегі дипломат Қасымжомарт Тоқаев келді. Оның келуі бұрынғы біраз авторитарлық заңдарға өзгерістер енгізумен басталды. Ол «Сайлау туралы заңға», «Митингілір өткізу туралы заңға» елеулі өзгерістер енгізді. Енді халық әкімшілік рұқсатынсыз, тек «ескерту» арқылы митингілер өткізу құқына ие болды. Батыс елдері бұл өзгерістерді оң бағалады. Алайда, Заң қабылданғанымен, митингілер алаңында тіптен қарама қарсы көріністер орын ала бастады. Назарбаевтық авторитаризм кезінде халықты аяусыз жазалаушы күштік құрылым, енді Қ.Тоқаев кезінде одан әрі жазалауды қатаңдатты. Ол көптеген бенероликтер арқылы жанг жаққа көрсетіліп жатты. Нәтижесінде, көп ұзамай‑ақ батыс елдері демократтары «тоқаевтық аторитаризм» туралы астарлы түрде, соңынан, ашық айта бастады. Халық та біршама демократиялық жылымыққа сеніп қалып, артынан күштік құрылымдардың өрескел әрекеттеріне қарап – жаңа президентке деген көзқарастарын өзгерте бастады... Тоқаевқа Еуропаға  арнайы барып келуге де тура келді...

Міне, енді қарасақ, мұның астарында белгілі бір саяси ойын жатқанын байқаймыз. Ол қазірдегі «ескі Қазақстан мен жаңа Қазақстан» арасындағы өтіп жатқан «астыртын майданның» бір көрінісі болып шықты. Ал,  Е.Тұрғымбаев осының нақ қайнаған ортасында тұрған белді тұлға еді. Ендеше, Тоқаевтың келуімен күштік құрылымдардың да митингіге шыққан халықты жазалауды шамадан тыс қатаңдатып, оны қазіргі өркениет заманында «жабайылықтың бір түрі» ретінде көрсетуі – алдын ала мұқият ойластырылған «жоспардың» бір бөлігі болса керек деп болжауға болады. Өйткен, өзі кетіп, билік жауапкершілігінен құтылған Елбасы «өзінен кейінгі биліктің» халық арасындағы жағымды образы болуын қаламады. Олай болса, «Митингілер туралы» жаңа заңға қарамастан, оны жазалаудың өте дөрекі жолы таңдалды. Ол Е.Тұрғынбаевтың «қатысуынсыз» еш мүмкін емес еді!

Олай болса, Е.Тұрғынбаев өзін билікке әкелген ескі жүйеге мейлінше адал қызмет еткен тұлға деуге болады. Ол өткен қаңтар оқиғаснда анық көрінді. Қаңтар оқиғасы, негізі, екі бағыттан тұрады десе болады: бірі – олигархиялық топтың «әлдекімдердің» нұсқауымен газ бағасын күрт екі есеге көтеруіне байланысты өріс алған бейбіт тұрғындардың шеруі болса, екіншісі – халықты «жаппай шеруге шығуға» шақырған мүдделі топтың арнайы әрекеті. Бейбіт шерушілер (халық) баға көтерілуі артында бұрынғы президент адамдары тұрғанын жақсы білді. Сондықтан, бейбіт шерудің де басты ұраны «Шал, кет» деген талап болды. Ал, «жалпыхалықтық шеруге шақырушы» жасырын топ осы кезде толқуды пайдаланып «Тоқаев билігін төңкеру» операциясына кірісіп кеттті деп шамалауға болады. Өйткені , оқиғаның өрбу логикасы да осы қисынды көрсетеді... Ендеше, бұл «сценарийдің» де Е. Тұрғымбаевты «айналып өтуі» еш мүмкін емес еді...

Міне, осыған дейін қоғамда жоғарыда айтылған «күдік елесі» кезіп жүрді. Бірақ, Е.Тұрғымбаев қаңтар оқиғасынан кейін де біраз уақыт саяси ұңғыдан шыға қоймады. Тек соңғы кездері ғана ел назарынан тысқары қалып қойған еді... Олай болса, осы уақытқа дейін Қаңтар оқиғасын тергеу бағытында үздіксіз жұмыс жүріп жатқаны, ол әуел бастан  Е.Тұрғымбаевты «күдіктілер қатарына» алғанымен, жоғары билік өкіліне қатысты «бұлтартпас дәлелдердің» жеткілікті базасы жиналуын күткен сыңайлы. Міне, содан бері «адамды қорлау‑зорлау» баптары бойынша сотталған полиция қызметкерлерінің, өз объектілерін тастай қашқан полицияның берген жауаптары мен айғақтары, ақыр‑соңында Е.Тұрғымбаевқа келіп тірелген  болуы керек деп шамалауға толық негіз бар.

Ал, енді, «Осының шиеленіскен түйіні, шатасқан жол‑жібі одан әрмен тергеуді қайда апаруы мүмкін?» денен сұрақ туындауы заңды. Оны әрине тергеу көрсетеді, артық‑ауыс айта алмаймыз. Алайда, қаншама адамның қаны жазықсыз төгілген қаңтар оқиғасы бүгін‑ертең ұмытыла салатын оқиға емес. Ол, бәрібір, өзінің объективті бағасын қоғам алдында, заң алдында, моралдік тұрғыда алады, алуы тиіс деп ойламыз.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2113
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2223
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1628