Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 2157 25 пікір 26 Сәуір, 2024 сағат 13:43

Мәскеудің шешімі: «Өлмес полктің» өмірі тоқтады ма?

Сурет: interfax.ru

Ресей жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келген «Мәңгілік полк» атты Екінші дүниежүзілік соғыста құрбан болған КСРО солдаттарын еске алу шеруін биыл өткізбейтін болды.

Бұл шеру ұзақ жылдан бері бүкілресейлік сипат алып, әрбір деревняда, әрбір ауданда, әрбір қалада өткізілген болатын. Халық бұл шеруде соғыстан қайтпаған, не болмаса, соғыстан оралып, бүгінде өмірден өткен жақын туыстарының портреттерін  көтеріп, шеруге шығатын. Енді, ол шеру өткізілмейтін болды.

Әрине, бұл шерудің түпкілікті мағынасы ізгілікке қызмет ету болғанын жоққа шығармаймыз. Өйткені, әрбір отбасы бұл күні бабаларының жүріп өткен жолдарын еске алып, оларға құрмет көрсетеді. Алайда, бұл ізгі мағына тек моральдік тұрғыдан бағаласа ғана мүмкін. Ал, оны «саяси көрінске» айналдырар болса, онда шеру ізгілікке қарсы мағынада қолданылатын құралға айналады.

Мысалы, КСРО-ның Герман фашизмімен соғысы осыған дейін Ұлы Отан соғысы деп аталып келді. Оған сол кездегі барлық Одақтас Республикалардың азаматтары қатысты. Ендеше, ол соғыстағы жеңіс бүгінде ыдырап кеткен КСРО атты мемлекеттің жеңісі деп саналады. Бірақ, соңғы уақыттарда осы шеруге қатысты Ресейде өзге түсініктер пайда бола бастады, ол ‑ «Соғыста жеңіске жеткен Ресей халқы» деген түсінік еді. Себебі, соңғы жиырма жылдан астам уақытта Ресей идеологиясы КСРО-ның күйреуін «тарихи әділетсіздік» деп бағалап,  енді қайта келмейтін КСРО-ның орнына «бұрынғы Ресей империясын қалпына келтіру» идеологиялық майданды бастап кеткен еді.

Әрине, осы уақытқа дейін Тәуелсіздіктің құндылығын көрген, оның не екенін анық сезген бұрынғы Одақтас Республикалар Ресей тарапынан шеруге мұндай баға берілуін қалаған жоқ. Сол себепті, ол Ресеймен қарым‑қатынасы жақсы санаулы Республикаларда ғана өтіп жатты. Ал, КСРО құрамында болған Прибалтика Республикалары ондай шеруді өткізуден мүлдем бас тартты. Өйткені, олардың «Отан соғысына» деген ұстанымдары ресейліктерден мүлдем бөлек, тіптен, қарама‑қарсы болатын.

Сөйтіп, негізі адамгершілікке шақыратын бұл шеру, біртіндеп Ресей мен Батыс арасындағы идеологиялық майданның қпалына түсті.  Ресей мен өзге Республикалар арасында конфронтациялық шиеленістерді арттырды. Бір Одақта тізе қосып шайқасқан достықтағы халықтар – бір‑біріне қырғи көзбен қарай бастады. Ақыр соңында, Ұлыимпериялық дертке ұшыраған тарап көрші елдерге соғыс жариялай бастады. Ол Ресей‑Грузия, Ресей‑Молдовия, Ресей‑Украина сияқты тәуелсіз елдер арасындағы қақтығыстар мен соғыс қимылдарынан көрінді.

Осының нәтижесінде, бүгінде бұл шеру бұрынғы КСРО аумағында пайда болған ТМД елдерінің әрқайсысының «жеке шаруасы» болып қалды. Шеру болса, өзінің «Халықтар достастығы» мәнінен ажырап, «Жеңіс кімдікі» дегендей жағымсыз сипатқа ие болып кетті. Сөйтіп, көптеген халықтар ол соғысты «Ұлы Отан соғысы» деп атаудан бас тартып, өз елдерінде «Екінші Дүниежүзілік соғыс» деп, халықаралық қалыптасқан атаумен атай бастады.

Соның ішінде бүгінгі Қазақстан халқы да бар...

Қазір, Ресей мен Украина арасындағы соғыс өзінің шиеленісті апогейіне жетті. Бүкіл әлем шабуылды алғаш бастаған Ресейді агрессор деп бағалап, Украинаға көмектесуде. Қару‑жарақпен және ақшалай қолдау көрсетуде. Олай болса, соғыс жағдайында ондай шеруді өткізуден бас тарту – Ресей үшін жеке дара, жалғыз дұрыс шешім.

Әрине, Украина тарапы шеруге соққы береді деп ойлау ‑ абсурд болар еді. Бірақ «өткізбеу туралы шешім»  шығарумен, Ресей Украинаны терроршы ел деп көрсеткісі келеді. Өйткені, жуырда ғана Мәскеуде орын алған терактіге Ресей Украинаны кіналаған болатын. Мұнда да солай жасағысы келетін сыңайлы... Бірақ, сонымен бірге, Ресейдегі терактіні мойнына алған Ислам содырлары тарапынан да қауіп бар екенін Ресейдің арнайы қызметі жақсы біледі деп санауға да болады...

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1600
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1503
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1220