Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
843 0 пікір 24 Сәуір, 2024 сағат 19:00

Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Сурет: tajmedun.tj

Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған qoldau.gov.kz ресурсы іске қосылды, деп хабарлайды Abai.kz.

Енді мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылатын болады.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ОКҚ базасында республикалық ақпараттық штаб ашылды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал туралы және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. ТЖ аясында адамдар көптеген ақпарат алған жағдайда, оны тексеруге, ресми дереккөзмен кеңесуге мүмкіндігі болуы маңызды, - деді Орталық коммуникация қызметі директорының орынбасары Александр Белиловский.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1327
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1078
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125