Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 752 0 пікір 23 Сәуір, 2024 сағат 20:16

Алматы облысында қамысты алқап өртін сөндіру жалғасып жатыр

Сурет: ҚазТАГ

Балқаш ауданындағы қамыс өсімдіктері мен шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғастырылуда.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Су ағызу құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді. Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды.

Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда. Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков өрт оқиғасы орнында.

Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылуда.

Дереккөзі: ҚР ТЖМ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1084
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 977
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 829