Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
641 0 пікір 17 Сәуір, 2024 сағат 17:42

Су тасқынынан зардап шеккен Көкшетау тұрғындары жаңа баспанаға ие болды

Сурет: tirshilik-tynysy.kz

Су тасқынынан зардап шеккен Көкшетау тұрғындары жаңа баспанаға ие болды. Пәтер кілтін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыстап, мемлекет залалды азайту үшін барлық шараларды қолданып жатқанын атап өтті, деп хабарлады Abai.kz баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қажеттіліктерін шешу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгін сіз пәтер алған алғашқы адам болдыңыз. Отбасыларыңызда бәрі жақсы болып, қиыншылықтар артта қалсын", – деді Марат Ахметжанов. 

Сондай-ақ, облыс орталығының 174 отбасы 65 млн теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алса, материалдық шығындарды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 12 отбасына 8 млн теңгеден астам көлемде материалдық залалды өтеу туралы шешім шығарды.

Abai.kz

 

0 пікір