Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
627 1 пікір 29 Наурыз, 2024 сағат 16:21

«100 өлең» байқауына өтініштер қабылдануда

Сурет ASSYLTAS қоғамдық қоры баспасөз қызметінен алынды

Бұл жоба — қазақ ақындарының өлеңдерін жаттау сайысы. Абайдан бастап, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали тағы да басқа танымал ақындардың өлеңдері топтастырылған.

Сайысқа қатысушы 100 күн ішінде барлық өлеңді жаттап алуы тиіс.

Топтастырылған өлеңдер жинағы 1 сәуір күні байқауға қатысушыларға берілмек.

ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Оқастың айтуынша, биыл да жеңімпазға автокөлік сыйға беріледі.

"Бұған дейін 4 жыл қатарынан жеңімпаздарға автокөлік сыйлап келдік. Биыл да жеңімпаз су жаңа темір тұлпарды тізгіндейді. Финалдық сайысқа өткен қатысушылардың ешқайсысы жүлдесіз қайтпайды. Биылғы байқау үш бәйтерек Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің 130 жылдығына арналады”, -деді Р.Оқас.

Қазірдің өзінде 700 адамнан өтініш келіп түскен.

Abai.kz

1 пікір