Сенбі, 27 Сәуір 2024
634 0 пікір 27 Наурыз, 2024 сағат 15:53

Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер құрамына 12 адам іріктелді

Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаевтің ісі бойынша алқабилер құрамына 12 адам іріктелді. Олардың 10-ы негізгі, екеуі қосалқы.

Ашық режимде өтетін соттың келесі отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 16:00-ге белгіленді.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасып, сот залына ешқандай да журналистер кіре алған жоқ.

Abai.kz

0 пікір