Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2743 0 пікір 3 Қараша, 2013 сағат 12:54

Доңғаның ісі оңға бет алды

Облыс әкімі Алик Айдарбаев «Маерск Ойл Қазақстан» компаниясымен игеріліп жатқан Доңға кенорнын аралап көрді. Кездесу барысында «Маерск Ойл Қазақстан» басшылары компанияның Қазақстандағы қызметі, Доңға кенорнын игеруді іске асыру барысы және келешек даму жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Облыс басшысы бастаған делегация ұңғылардың біріне барып, мұнай дайындау цехы мен резервуар паркін, сондай-ақ газ дайындау қондырғысы мен технологиялық процестерді басқару пультін қамтитын негізгі жайғастыру нысандарын аралады.

Компания кенорнын игерудің екінші кезеңі бойынша 2012 жылдан 2015 жылға дейін жалпы құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын өндірісті кеңейту жөніндегі жұмысты жүргізу, 198 ұңғыны бұрғылау, 135 шақырым жол салу және 180 шақырым тұрба құбырын төсеу жұмыстарын жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда «Маерск Ойл Қазақстан» мен компания серіктестерінің Доңға жобасына салған инвестициялары 900 миллионнан астам АҚШ долларынан көп болса, денсаулық сақтау мен білім беру саласына, сондай-ақ облыс инфрақұрылымы нысандарына құйған әлеуметтік инвестициялары 800 мың АҚШ долларынан асып түсті.

Abai.kz

0 пікір