Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4804 0 пікір 30 Сәуір, 2013 сағат 09:47

Алмас Қылыш. Байбектің тайраңы мен балдырғандардың былдыры

Бауыржан Байбек бір күндік сапармен Талдықорғанда болып қайтты.  Алғашында республикалық БАҚ-ның Алматы облысындағы меншікті тілшілері түгелімен шақырылған еді, тура келер алдында Астанадан нұсқау түсті ме, сұрақ қойып, мәселе көтереді-ау деген журналистер тізімнен сызылып қалып, үндеместер мен сыпыра мақтауға төселгендер ғана Бауыржан Байбекпен жолығу «бақытына» ие болды. Соған қарамастан,  жұмыс сапарының қалай болтындығын бақылап отырған жұртшылық біраз келеңсіздікке куә болып, бастарын шайқады. Талдықорғанда көшелер жабылып, бұрыш-бұрыштың барлығы тәртіп сақшыларымен күшейтілді. Елбасыны алып жүретін кортежден кем емес, кілең бір мықты машиналардан құралған темір тұлпарлар керуені алдан шыққандарды басып кете жаздап, жүйткіді де жүрді және тұрғындарды ретсіз әбігерге салды.

Сапар бойынша жоспарланған басқа нысандарды айтпағанда, мемлекеттің қаржысына тұрғызылған «Күншуақ» балабақшасындағы балдырғандармен жүздесу де  өзгеше өрескелдігімен есте қалды. Бұған дейін балдырғандар     өздеріне келген құрметті қонақтарды  мелекеттік тілде ән шырқап, тақпақ оқып қарсы алғанына көзіміз де, құлағымыз да үйреніп қалған екен... Аңсар (облыс әкімі Мұсахановты айтамыз) көкелері мен Бауыржан ағаларын ағылшын тілінде сөйлеп қарсы алған балдырғандар, олар кеткенше Абай тілінде ауыз ашпады.  Хан сарайынан кем емес балабақшаның құрылысына қанша миллионның кеткенінде, балалардың осында өткен әр күніне қанша төлейтіндігінде ешкімнің шаруасы болған жоқ.

Осылайша, таңертеңнен кешке дейін Талдықорған аймағында тайраңдаған «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Елбасының бұған дейінгі айтылған нақты тапсырмалары мен ескертулерін естен шығарды. Атап айтқанда, кортежбен жүретін лауазымды тұлғалардың шектелген саны мен олардан басқалардың мұндайға бармауы қажеттігі, балабақшалар мен мектептер салуда шектен шықпау, салтанатты сарайлар емес, білім беру мен тәрбиелеуге қолайлы ғимараттар тұрғызу керектігі жөніндегі, қазақы ортада тек ана тілінде сөйлеудің дұрыстығы туралы ескерту-тапсырмалары бұл жолы мүлде орындалған жоқ.  Басқа, басқа, балдырғандарымызды қазақ тілінен жеріндіретіндей жағдайдың орын алғаны орынсыз болды. Әлде, бұл жергілікті жағымпаздардың кезекті жарамсақтық  қадамы ма?

Abai.kz

0 пікір