Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3294 0 пікір 23 Ақпан, 2013 сағат 16:36

Айсамал Әбілхан. Астаналық дәрігерлердің Жаңаөзенге сапары

Осы күндері «Медикер» компаниясы Жаңаөзен қаласының «Мұнайшы»  Медициналық-профилактикалық орталығында  жылжымалы кеңес беру жұмысын жүргізіп жатыр. Ақпанның 20-нан наурыздың 1-не дейін жалғасатын шараның мақсаты «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері мен олардың жанұяларына кәсіби медициналық жәрдем көрсетіп, кеңес беру. Ең бастысы - қабылдау тегін. Аталған уақыт аралығында орталықта Астана мен Қазақстанның өзге де қалаларынан келген жоғары санатты мамандармен медицина ғылымдарының кандидаттар қабылдау жүргізеді. Олардың арасында аса қажетті мамандар - офтальмолог, оториноларинголог, педиатр және тағы басқалары бар.

«Медикер» компаниясы қолға алып жатқан осы бастамасы арқылы аумақтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қоспақ. Өйткені, өзге мамандық иелеріне қарағанда атқаратын жұмысы ауыр болып келетін мұнайшылардың денсаулығын бақылап, оларға барынша көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін компания жақсы түсінеді. «Медикер» - мұнай компаниясы өкілдерін медициналық тұрғыдан өз қамқорлығына алып отырғандықтан, іске асып жатқан шаралардың тигізер пайдасы да зор екеніне сенімді.

Өткен айда Жаңаөзенге іс-сапарға барып келген дәрігерлер тобы, қабылдау өтіп жатқан «Мұнайшы» медициналық орталығы қала орталығынан шалғай жатқандықтан, көлігі жоқ науқастар үшін емханаға жету қиынға соғып жүргенін айтқан еді.

Шағымды ескерген «Медикер» компаниясы жедел түрде жергілікті әкімшілікпен келісімге келіп, орталыққа үнемі қатынап тұратын жолаушылар автобусын іске қосу жөнінде ортақ ұйғарымға қол жеткізді. Бұл да медициналық компанияның өз қоластындағы науқастарға көрсетіп отырған қамқорлығының бір көрінісі. «Медикер» медициналық компаниясының жылжымалы кеңес беру жұмысы жайлы «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне алдын-ала мәлімет берілгендіктен жарнамадан құлағдар болған мұнайшылар жоғары дәрежелі дәрігерлердің қабылдауына алдын-ала жазылып та қойды. Сондықтан қабылдау басталғалы бері «Медикер» дәрігерлерінің жұмысы қызу. Қызмет көрсету уақыты да таңертеңнен қас қарайғанға дейін жалғасып жатыр. Алайда, компаниядан хабарласқан тілшіге қарбалас жұмысы кезінде бірер сәтін бөліп, ауқымды шараның барысы жайлы бір-екі ауыз пікірін білдірген «Медикер» дәрігерлер былай дейді:

Әбішева Лаура Сәкенқызы, терапевт (Астана қаласы):

-   Қабылдауға келіп жатқан науқастар бізге риза. Біз де оларға қолдан келген көмегімізді көрсетіп, аянбай қызмет етіп жатырмыз. Күніне алдымыздан өтетін адам көп болғанымен, қыбалдау өте сапалы әрі қалыпты түрде жүргізіледі. Бұл да қуантарлық жайт. Алайда жұмыс барысында аймақта ревматолог, гастроэндокринолог, кардилог және тағы басқа мамандардың өте аз екені бірден сезіледі. Науқастарды арнайы тексеруден өткізу үшін ең қажетті құрал-жабдықтар да жоқтың қасы.

Мамандардың айтуынша, қабылдауға келіп жатқан науқастардың көбінің денсаулығын күтуге жағдайлары жоқ. Маман тапшылығы өз алдына, оған аймақтағы экологиялық ахуалдың қиындығы да қосылып отыр. Осы орайда Жаңаөзенде ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де өткір тұрғаны баршаға мәлім. Айтылған олқылықтардың орнын толтыру үшін «Медикер» қолдан келгенше жәрдем көрсетуге қашанда әзір. Оған осы күндері «Мұнайшы»  Медициналық-профилактикалық орталығында өтіп жатқан шара дәлел болмақ.

Сағдиева Сәуле Жақсылыққызы, жоғары санатты дәрігер, педиатр (Астана қаласы):

-  Біздің келіп, жұмыс істеп жатқанымыз тек науқастар үшін емес, жергілікті дәрігерлер үшін де өте пайдалы болды. Біз осы жерде жұмыс істеп жатқан мамандарға оқыған-тоқыған, білгенімізді айтып, тәжірибемізбен де бөлісіп жатырмыз. Сондықтан, «Медикер» компаниясы мұрындық болған бұл шараның жағымды әрі тиімді тұстары өте көп.

«Медикер» компаниясы осы іспеттес дәстүрлі шараларды одан әрі жүргізуге ниетті. Қаңтар айында Жаңаөзенге барып, қабылдау жүргізген дәрігерлер жергілікті әкімшіліктің өтінішімен компанияның сақтандыру жүйесіне енбейтін тұрғындарды да қарап, кеңес беруге келісімін берді. Нәтижесінде, Жаңаөзенде өткізген бір апта уақыт ішінде дәрігерлер бригадасы 700-ге жуық науқасты қабылдады. Көктем қарсаңында қызмет етіп келетін дәрігерлердің жұмысын бақылап, жобаның кем-кетік тұстарын анықтау үшін науқастарға арнайы сауалнама парақшалары таратылып жатыр. Онда «Медикер» дәрігерлерінің қызмет көрсету сапасы, жобаны дамытып, нәтижесін одан әрі жақсартуға қандай ұсыныс бар екені жайлы сұрақтар бар. «Медикер» компаниясы алдағы уақытта сауалнама қорытындысына сүйене отырып, «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне көрсетілетін медициналық қызмет көрсету деңгейін одан да жоғарылатуды көздеп отыр.

0 пікір