Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2688 0 пікір 29 Қаңтар, 2013 сағат 09:37

Алматыдағы ұшақ апаты: 21 адам опат болды. Оның бірі - 2 жасар бала (видео)

Оқиға орнынан түсірілген сурет - Твиттер әлеуметтік желісінен алынды

Көкшетау - Алматы бағытындағы "Скат" әуе компаниясының жолаушылар ұшағы  Алматы әуежайына қонуға бет алған сәтте Алматы облысы, Қызыту елді-мекенінің маңында құлағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бейресми мәліметке сүйенсек, ұшақ бортынды 22 жолаушы болған.

Әзірге ресми ақпарат таралған жоқ.

Оқиғаға қатысты ақпараттарды жедел жариялап отыратын боламыз.

Abai.kz


Ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 29 қаңтар 2013 жыл)

29 қаңтар 2013

2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 13 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады.

Алдын-ала мәліметтерге сай әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болған.

Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады.

Жедел тергеу және апаттық-құтқару шараларын жүргізу үшін оқиға орнына Бас көлік прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шықты.

Оқиға орны оқшауланды.

Оқиға орнынан түсірілген сурет - Твиттер әлеуметтік желісінен алынды

Көкшетау - Алматы бағытындағы "Скат" әуе компаниясының жолаушылар ұшағы  Алматы әуежайына қонуға бет алған сәтте Алматы облысы, Қызыту елді-мекенінің маңында құлағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бейресми мәліметке сүйенсек, ұшақ бортынды 22 жолаушы болған.

Әзірге ресми ақпарат таралған жоқ.

Оқиғаға қатысты ақпараттарды жедел жариялап отыратын боламыз.

Abai.kz


Ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 29 қаңтар 2013 жыл)

29 қаңтар 2013

2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 13 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады.

Алдын-ала мәліметтерге сай әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болған.

Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады.

Жедел тергеу және апаттық-құтқару шараларын жүргізу үшін оқиға орнына Бас көлік прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шықты.

Оқиға орны оқшауланды.

Оқиға мән-жайлары, сондай-ақ құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі


Ұшақтың қонуына Алматы әуежайы рұқсат бермеген көрінеді

Апатқа ұшырған ұшақ бүгін түскі сағат 13:30-да Алматы қаласынан 3 шақырым аумақтағы Қызылту Елдімекені маңында құлаған. Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашевтың айтуынша, ұшақта 22 адам болған. Жолаушылардың ішінде тірі қалғандары жоқ. Апаттың тууына ауарайының қолайсыздығы себеп болған.

Бейресми ақпарат көздері Аламаты Әуежайы ұшақтың қонуына рұқсат бермегендіктен, қалың тұманда бағытынан адасып апатқа ұшыраған деген деректі алға тартып отыр.

 

Ұшақ апатына байланысты Үкімет жанынан комиссия құрылды
Алматы қаласының маңындағы ұшақ апатынан кейін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет жанынан  шұғыл тексеру жүргізетін комиссия құру туралы қаулыға қол қойды.

Комиссияға Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Аймақтық даму министрі Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін болады. Комиисия құрамында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, Бас прокуратура өкілдері және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар.
Дәл қазіргі уақытта комисся мүшелері жұмыстарына кірісіп, апаттың себеп-салдарын анықтауда.

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың тізімі

«SCAT әуе компаниясы» DV760 рейсімен Көкшетау-Алматы бағытындағы  ұшақ бортындағы болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тізімін жариялады.
1. Дүйсенов Ғалымжан

2. Дүзбаев Дүйсенбі

3. Құсайынов Асқар

4. Лотков Николай

5. Мәлікаждаров Қайсар

6. Ниязов Акрам

7. Омаров Әбілжан

8. Оразбаев Марат

9. Рахымбек Индира

10. Серіков Александр

11. Шүйтіков Әрсен

12. Ескендіров Асқар

13. Жаворонков Иван

14. Владимир Вейст

15. Александр Рубас

16. Бақытжан Бекжан

Экипаж мүшелері:

Евдокимов Владимир

Шарапов Александр

Бабаян Слава

Кривоносова Ирина

Асфандиярова Дина

 

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Қызылту кенті маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

- Алматы облысының Қызылту кенті маңында адам құрбандығына душар еткен «СКАТ» әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы қаралы хабарды күйзеле отырып қабылдадым.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

Мен тиісті мемлекеттік органдарға ұшақтың апатқа ұшырауының себептерін анықтап, қайтыс болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.

akorda.kz

 

ҚМДБ: Қазаның арты қайырлы болғай!

 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында түс ауа Көкшетау-Алматы бағыты бойынша қатынайтын СКАТ әуекомпаниясы жолаушылар ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырағаны туралы суық хабар тарады. Әуе кемесінде болған 20-22 отандас бауырларымыздың қаза болғанын естіп, қабырғамыз қайысып, барша халқымыз қасырет шегуде. Опат болғандардың туған-туыстарына, жақын-жұрағаттарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бір Алла жар болсын!

Қайғылы оқиға жетісімен, еліміздегі барлық мешіт имамдарына бақилық болғандарға Алладан медет, пайғамбардан шапағат тілеп, дұға етуге пәрмен бердім.

Мүбарак Құранда: «Әрине, сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед ғ.с. сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бip қайғы жетсе: «Олар шын мәнінде біз Алладан келдік және Аллаға қайтып ораламыз деді» («Бақара» сүресі, 155-156-аяттар), - делінген.

Иә, адам өмірі өлшеулі. Кімнің қашан дәм-тұзы таусылатыны тек бір Аллаға аян. Жалған өмірді қамшының сабына теңеген ата-бабаларымыз бес күндік дүниені жақсылықпен өткізуді өсиет еткен. Пайғамбармыз да (с.ғ.с.) мына жалғанда жолаушыдай өмір сүруді абзал көрген. Хакім Абайдың да айтары осы: «Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ».

Жаратушы Иеміз елімізді, жерімізді тосыннан келетін апаттардан сақтағай! Алла Тағала қазаның артын қайырлы еткей!

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ

Abai.kz

«Тас түскен жеріне ауыр». Мұқым халықтың қабырғасын қайыстырып 21 адам ұшақ апатынан опат болды. Оның бірі - 2 жасар бала екені анықталды. Марқұмдардың мәйіттері Алматыдағы «Қалқаман» ықшам ауданындағы мәйітханаға орналастырылып жатыр. Екінші рет қонуға бет алған сәтте қону алаңына не бары 50-80 метр жетпей жерге құлаған «Скат» әуе компаниясына қарасты Challenger-200 ұшағының қара жәшігі табылды. Қара жәшік онда сақталған мәліметтерді алу мақсатында мемлекетаралық авиация комитетіне жіберіліпті.

 

Ұшақ апаты орын алғанына қарамастан Алматы әуежайы қалыпты жағдайда жұмысын жалғастырып, әуе кемелерін қабылдап жатты.

 

Мемлекет басшысы апаттан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, қажетті көмектердің бәрі жасалатынын жеткізді.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Ұшақтың апатқа ұшырауының басты себебінің бірі - ауа-райының қолайсыздығы болуы мүмкін деген ресми болжам да жария етілді.

Оқиғаға байланысты ақпараттарды жедел түрде жария етіп отыратын боламыз!

 

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

Видео - Abai.kz

 

 

 

0 пікір