Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4148 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 05:42

Ардақ Нұрғазыұлы. Саясаткер М.Шаханов пен ақын М.Шахановтың арасында қандай байланыс бар?

Биылғы жылы белгілі қоғам қайраткері, қазақтың арқалы ақыны Мұхтар Шаханов 70 жасқа толды. Мынау жалғанда бәрін уысында ұстайтын уақыт десек, сол әміршінің тұрақтылық пен өзгерістен тұратын құдыретті қарымынан жасқанбай шығып, биік ұшып, тереңге сүңгитін тұлғалар болады. М.Шаханов, әне, сондай қазақтың арда туған ұлы. 50 жылдық шығармашылық жолында ақын утопияға қаңтарылған кеңестік қоғамның қатал саяси жүйесін де, Тәуелсіздіктен кейін құндылықтар құлаған, жабайы капитализмнің сықпытын да көрді. Бірақ, ақын сол көлеңкесіз, дара, бірбеткей болмысынан тайған жоқ. Өйткені М.Шаханов бастан-аяқ кеңестік қоғамда адамдық ар-намысты, бостандық пен махаббатты ту етсе, капитализм дәуірінде де сол құндылықты биік ұстады. Ол адамды, адамға тән дүниені - ар-намыс пен әділеттілікті, бостандықты қалай сүйсе, ұлтын да, елін де солай сүйді. Ұлты мен мемлекетінің де сондай ар-намыспен, әділеттілікпен өмір сүруін үміт етті. Отаршылдықтың ұлтқа әкелген қасіретіне, қиянатына тура қарады. Ол ешкімнің ала жібін аттаған жоқ. Тіпті, тарихи әділетсіздіктің қалпына келуін әлдекімдерден артық қалады.  Ол таза гуманист. Бұл жағынан М.Шаханов бөліп-жарылмайтын бір тұлға күйінде келеді.

Кейде өзіме «саясаткер М.Шаханов пен ақын М.Шахановтың арасында қандай байланыс бар?» деп сұрау қоямын. Бұл сұрақтың жауабы біздің шаң-тозаңы айықпаған, күрмеуі қалың, қайшылығы мол заманымыздың тасасында жатқаны анық. М.Шаханов өлеңдерінің екі қанаты бар. Оның бірі - поэзия болса, енді бірі - азаматтық. Олар бір-бірінен айрылған емес. Айрылмайды да. Бұл өзен үздіксіз арнасын кеңейтіп, ұлы мұхитқа, парасатқа қарай жөңкіле ағуға тиіс болатын.  Солай болды да. М.Шаханов поэзияға келген күннен бастап осы түйінді мықтап ұстанды. Өз шығармашылығы туралы мұндай көрегендік ақынды бастан-аяқ өз тұғырында, өз биігінде қалуына мықтап негіз қалап берді. Ақынның бір өлеңіндегі Абайдан Махамбетті биік қоятынын да біз осы тұрғыдан түсіне аламыз. Саясаткер М.Шаханов, депутат М.Шаханов, басылымның басшысы М.Шаханов, сазгер М.Шаханов және басқалардың бәрін жиып келгенде бір ғана ақын М.Шаханов шығады. Осы ерекшеліктерді бойына жинай білген ақын бүгінде ұлттың ары мен намысы, қайраты ұялаған ұлы жүрегі сияқты.

Қазан айының ортасында Астана қаласында ақын М.Шахановтың шығармашылық кеші өтті. Бірақ, ақын өз кешіне қатыса алмады. Сүйікті ақындарының жоқтығынан дүйім жұрт бір сәт үркердей үрпиісіп қалып еді. Өйткені, Ақын сырқаттанып емханаға түсіп қалған еді. Өзінің біртуар ұлының амандығынан алаңдаған қара орман халқының қатарында біз де алаңдап едік сонда. Соңынан ақынның сырқатынан тәуір болғанын, емханадан шығып Алматыға  оралғанын біліп, «Жалын» журналының редакциясына іздеп бардық. Емханадан жаңа шығып, науқасынан әлі де толық айығып кетпесе де ақын тың көрінді. Арқаланып тұрып өлең оқыды. Мемлекеттік тілдің жағдайын көтерген қоғамдық мәселелер туралы ой қозғады.  Жаңа жазып тауысқан «Қазақ тілі» атты әні туралы айтты.  Жазушылар мен қазақ интеллигенциясының ұлт мүддесіне келгенде самарқаулығын тілге тиек етті. Ақын «Ақындық туралы» өлеңін оқып болған соң: «Мынау алмағайып заманда, ұлт мүддесіне сына түсіп жатқанда өз шындығын жоғалтқан адамдарды мен ұлттың перзенті деп айта алмаймын», деп кесіп айтты. Біз ақынның осы сөзіне иландық. «Әрбір тұлға өзіне осындай талап қоя білсе ғой» деген ойда қалдық. Десе де, осындай ұлы жүректі ұлдың болғанының өзі қалғып-шұлғыған қоғам үшін қаншалық маңызды екенін сезіп қайттық. Ақынға іштей зор денсаулық, жаңа шығармашылық шабыт тіледік.

«Abai.kz»

0 пікір