Жұма, 20 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 1825 0 пікір 28 Қыркүйек, 2012 сағат 12:54

Еуразиялық одақтан бас тарту мәселесi талқыланды

Қазақстанда референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ сейсенбi күнi Алматыда дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған саясаттанушылар, саясаткерлер, үкiметтiк емес ұйым мүшелерi және зиялы қауым өкiлдерi қатысты. Жиынға келгендер референдумның күн тәртiбiне қойылатын бiрiншi сұрақ - Еуразиялық одақтан бас тарту мәселесiн талқылады.

Бастапқыда Кедендiк одақ экономикалық интеграциядан әрiге бармайды деп жақауратқан билiк артынша елдi Ресейдiң империялық пиғылына байлап бердi. Еуразиялық одақ идеясы қалайша бастау алғанына тоқталған "Азат" ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбiлев Путиннiң былтырғы жылы "Известия" газетiнде жарық көрген мақаласын сөз еттi. "Артынша Грызлов "Еуразиялық одақты құру Ресейдi ықпал ету полюсiне айналдыратынын мәлiмдедi. Мұны естiген Ақорда байбалам салды. Бiрақ олар "тәуелсiздiкке қатер төндi" деп емес, Кремль бiздiң пре­зиденттiң идеясына қол салды" деп шырылдады. Назарбаев та қарап қалған жоқ. Артынша "Известияда" оның да Еуразиялық одаққа қатысты мақаласы басылды", - деген Б.Әбi­лев Кедендiк одақтан ұтыл­ғанымызды нақты көр­сет­кiштермен дәлелде­дi. "Ке­дендiк одақ құрылғалы берi Беларусьтiң одаққа мүше мемлекеттерге экспорты - 22, ал Ресейдiкi 28 пайызға өстi. Ал Қазақ­стан­дiкi керiсiнше 30 па­йызға төмендедi".

Жиында баяндама жасаған саясаттанушы Айдос Сарым Қазақстан Ресеймен теңқұқылы, шынайы интеграцияға бiрiгуi үшiн кемiнде 20-30 жыл өтуi керектiгiн айтты. "Ол үшiн Ресей басқа мемлекетке айналуға тиiс. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымы, Еуразиялық интеграция - мұның бәрi кешегi кеңес заманының жаңғырығы. Қазiргi кезде нағыз шынайы интеграцияға бюрократтар не билеушiлер емес, ұлттардың өзi ғана бiрiге алады", - дедi ол. Осы тақырыпта баяндама жасаған тағы бiр сая­саттанушы Досым Сәт­ба­ев болса, интеграцияға бет бұрсақ, басқа басымдықтарды белгiлеп, Орталық Азия мемлекеттерiмен бiрiккен дұрыс деген тезистi алға тартты. Әлемде мемлекеттердiң түрлi аймақтық бiрлестiктерi бар екенiн түсiндiрген Тәуекел­дердi бағалау тобының жетекшiсi: "Бiр мемлекет өз бетiнше жеке-дара бiр мәселенi шеше алмағандықтан, өзге мемлекетпен аймақтық бiрлестiкке бiрiгедi. Қазақстан үшiн Ресейден гөрi Орталық Азия елдерiне бет бұрған дұрыс. Олар - бiздiң көршiлер. Бұл аймақта да мәселе шаш етектен. Мәселен, таяуда Өзбекстан президентi Ислам Каримов аймақтағы су проблемасының салдарынан әскери iс-қимылдар болуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi. Бұл - таяу болашақта Қазақстанға сөзсiз әсер етедi", - дедi. "Ресей Федерациясымен интеграция: тәуелсiз­дiктi сақтай аламыз ба?" деген тақырыпта баяндама жасаған экономист Мұхтар Тайжан референдумның күн тәртiбiне ең алдымен Кедендiк одақтан шығу мәселесiн қою керек деп мәлiмдедi. Танымал экономист Қа­нат Берентаевтың "Мемле­кеттердiң Еуразиялық ода­ғы: қалыптасудың ұйым­дас­тырушылық-әдiстеме­лiк және институционалды аспектiлерi" атты баяндамасы да қызу талқыланды. Еуразиялық одақты жақ­таушылар да сөз алды. Қилы-қилы пiкiр таласында тәуелсiздiк тағдырына алаңдаушылар басымдық танытты. Жиында арнайы қарар қабылданды. Дөңгелек үстелде тал­қыланған мәселенiң анық-қанығын газетiмiздiң сей­сенбi күнгi арнаулы нөмiрi­нен оқи аласыздар.

Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ

"Жас Алаш" газеті

0 пікір