Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2760 0 пікір 2 Тамыз, 2012 сағат 09:47

Ержан Алаш. Атырауда Абай алаңы қоршалып жатыр

«Елдің есі кетсе, жердің киесі кетеді» дегендей, бәзбіреулер  Атырау қаласындағы  Абай атындағы алаңды коммерциалық мақсатпен пайдалану үшін бетонмен қоршап үлгерді.   Абай алаңы Атыраудың қақ төрінде орналасқан. Осы алаңды қоршап кафеге айналдыру жалпы коммерциалық тұрғыдан қарағанда өте рентабельді. Алайда, рентабльді, яғни пайдалы екен деп Америкада Линкольн алаңына немесе Ресейде Пушкин алаңына кафе салу ешкімнің ойына келмейтін шығар.  Оның үстіне нақұрыстық идеяларға билік рұқсат бермейді де.

Абай - бұл Қазақ. Қазақ бұл - Абай. Абайды ұмытқан қазақ - шала қазақ. Тазалық иманның жартысы болса, бізде Абай - Қазақтың жартысы. Абай - білмегенге маржан, бұлақ басы. Білгенге нұр, жол көрсетер жұлдызы. Тіпті Абай ойларын саяси күреске пайдаланып жүрген орыс солшылдарының ісінде де үлкен гәп жатыр. Абай өз заманының прогрессивті адамы болған. Оның Батысқа бет бұруы қашанда сол заманның истеблишментіне қауіп тудырып отырған. Қазақ өзгерген жоқ. Абай истеблишментке қазір де қауіпті. Абай - прогресстің, оңалудың, дамудың, демократияның, рухани жаңарудың символы. Бүгінгі орыс солшылдары Абайдың сондай болғанынтүсініп, оны қарсылықтың символы ретінде пайдаланып отыр. Олай емес дейін десең, Навальныйға Абайдың ескерткішінен басқа Мәскеуде жер жетпей қалып па?..

«Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, рухани мүддемізге біреулердің «нарықтық ойы» көлденең келуде. Абай алаңын қоршаған соң нағыз ұлттық байлықтан айырылдық дей беріңіз. Кеткен байлықты қайтара алмасақ та, қалған байлыққа ие болуға болады. Бірақ қалған байлыққа ие болу үшін, осы мемлекетті сақтап қалу үшін алдымен ес керек қой. Егер Қазақ Абайды жоғалтса есті қайдан алмақ? Қаланың қақ ортасында прогрессті еске салып тұратын Абай алаңы жын-ойнаққа айналса, ол есті табатын ақыл қайдан келмек? Ойланайық, ағайын!

Суреттерді түсірген автор.

«Абай-ақпарат»

0 пікір