Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3382 0 пікір 27 Ақпан, 2012 сағат 08:20

Митинг: сотқа шақырту, қамау, тұтқындау

Сенбі күні митинг өтті. Кезекті рет. Жүздеген адам жиналды. Полиция, «СОБР» жиналған жұрттан да басым болды. Тағы да сол - конституциялық құқықтарын пайдаланып, өз көзқарас, пікірлерін айтпаққа келген жұртты айнала қоршап, қыспаққа алып, топтап бөлшектеп, ашына сөйлегендерді күшпен дедектете сүйреп, полицияның автобусына тоғытты.

Ал, «Азат» ЖСДП-ның жетекшілері митингіге жетпей, үйлерін тұтқындалып кете барыпты. Митингіге шықпақ ниеттері болғаны үшін  сот Жармахан Тұяқбайға ескерту жасап, Ермұрат Бапи мен журналист Бақытгүл Мәкімбайға, Ал «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожинаға 50 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Болат Әбілов пен Әміржан Қосановты 15 күнге жауып тастады. Олар биліктің бұл әрекетіне қарсылық ретінде аштық жариялап жатыр.

Мұнымен біткен жоқ. Оппозиция өзінің кезекті наразылық шарасын 24 наурызда Алматыда өткізуді жоспарлап отыр. Бұл - Жаңаөзендегі қанды оқиғаға 100 күн толуына арналмақ.

«Абай-ақпарат»

Cуреттерді және видеоны түсірген - Өміржан Әбдіхалықұлы

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір