Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3330 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 20:43

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде қарулануға бақылауды күшейтеді – СІМ басшысы

Астана. 30 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде қарулануға, сонымен қатар, қауіпті материалдар мен жаппай қырып-жою қаруын таратуға бақылауды күшейтеді, делінген ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз мәлімдемесінде. 

Хабарламаға сәйкес, ҚР СІМ басшысы Марат Тәжин өткен сенбі күні Грекияның Кофу аралында ЕҚЫҰ бейресми министрлік кездесуіне қатысты.

«Қазақстан қарулануға, қауіпті материалдар мен жаппай қырып-жою қаруын таратуды бақылауға байланысты мәселелерге баса назар аудармақ ниетте. Біз бұл мәселелер еуропалық қауіпсіздік туралы диалогтың ажырамас бөлігі болуға тиіс деп есептейміз», - деп мәлім еткен ҚР СІМ басшысы Марат Тәжиннің сөздері хабарламада келтіріліп отыр.

Қазақстандық дипломат «менің елім» Еуропада кәдімгі қарулы күштері туралы келісім бойынша мүдделі жақтардың арасындағы келіссөздердің тоқтап қалғанына алаңдап отырғанын жеткізді. «ЕҚЫҰ шеңберінде ықпалды қауіпсіздіктің болмауы қарулануға, таратпауға және т.б. бақылау режимдеріне теріс әсер етуі мүмкін», - деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар М. Тәжин сөйеген сөзінде, бұл елдегі ахуалдың «қалыпты деуден тым ашақтығы» себепті, Ауғанстандағы жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отыру керектігін атап өтті.

Министр, ЕҚЫҰ әлі белгісіз ұзақ уақытқа «тоқтатылып қойған» шиеленістермен айналысуына тура келеді деп есептейді. «Бұл шиеленістер елдер арасындғы мәдени – гумаитарлық, экономикалық және саяси байланыстарын нашарлатты немесе оған елеулі шығын әкелді. Олар қауіп пен шиеленуші тараптардың өзара сенімсіздігін күшейтіп, әскери әлеуеттің орынсыз өсуін тудырады», - деп атап өтті М. Тәжин. 

Жалпы айтқанда, деп атап өтті ол, ЕҚЫҰ кеңістігіндегі көптеген шиеленістер этно-конфессиялық қарама қайшылықтардан туындады.

Осы себепті қазақстандық СІМ басшысы 2010 жылы толеранттылық бойынша ауқымды конференция өкізуді ұсынды.

0 пікір