Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2567 0 пікір 25 Қараша, 2011 сағат 05:29

Назарбаев жаңа парламентке өтетін барлық саяси күштермен жұмыс істеуге уәде берді

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа парламентке өтетін барлық саяси күштермен жұмыс істеуге уәде берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Мен президент ретінде жаңа парламенттегі, еліміздегі барлық саяси күштермен жұмыс істеймін», - деді ол жұма күні «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XIV съезінде.

«Осы сайлауға қатысатын барлық саяси партиялардың халықтың, елдің алдындағы, әлем тарихындағы қиын кезеңнің алдындағы, дағдарыстардың алдындағы жоғары жауапкершілікті басшылыққа алатынына, қоғамымыздағы тұрақтылықты, тыныштықты сақтау үшін ниеттестік көрсетіп, нақты болатынына, саяси күресте де нақты болатынына сенімді екенімді айтқым келеді», - деді президент.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы «парламенттік партиялардың жұмысы жемісті болып, олар Отанымыздың ұлттық мүдделерін басшылыққа алады» деген үміт пен сенім білдірді.

«Біздің халқымызға, қарқынды елімізге осы керек», - деді ол.

0 пікір