Сенбі, 27 Сәуір 2024
3837 0 пікір 10 Шілде, 2020 сағат 12:59

Алматы облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды.

Бұл туралы Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы екі өкпенің қабынуынан мезгілсіз көз жұмды. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, - делінген хабарламада.

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысының Үштөбе қаласында туған.

1983 жылы Алматы энергетика институтын "инженер-электрик" мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Үштөбе ет комбинатының аға шебері, механик, шебер болып бастады (1983, 1985-1993).

Әр жылдары Қаратал ауданының әкімі (2002-2004), Панфилов ауданының әкімі (11.2004-09.2005), Алматы облысы Текелі қаласының әкімі (09.2005-01.2012), V шақырылымдағы Алматы облыстық мәслихатының хатшысы (01.2012-06.2012) болды.

Ол 2012 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Abai.kz

0 пікір