Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3360 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 08:06

«Мүмкіндігі шектеулі болса да самғайды»

Екінші Жыл сайынғы Қоғамдық «Самғау» сыйлығы өз жұмысын бастады. Бұл жөнінде сәрсенбі, 2-қараша күні Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз конференциясында хабарланды.

«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы мен «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отырған «Самғау» сыйлығы мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажыр-қайраты мен өнерін көрсетуге, олардың қоғам өміріне белсене араласуын ынталандыруға бағытталған. Биылғы жылы жеңімпаздардың әрқайсысы 500 мың теңгеден алады, ал сыйлықтың жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құрап отыр. «Самғау» сыйлығының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Жұлдыз Омарбекованың хабарлауынша, сыйлықтың басталуы жөнінде енді ғана жарияланып отырғанына қарамастан, ұйымдастыру комитетіне өтініштер қазан айынан бастап келіп жатыр: «Өткен жылы сыйлыққа 200 адам қатысты, бірақ өтініштерін жіберіп үлгермегендер де көп болды, сондықтан ұйымдастыру комитеті сыйлыққа қатысу бойынша өтініштер 25 қарашада аяқталатынын ескертеді.»

«Қоғамдық «Самғау» сыйлығының қазіргі таңда маңызы зор, - дейді «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласындағы бөлімшесі төрағасының орынбасары Махамбет Бейдәлі. - Менің пікірімше, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамның ең белсенді өкілдері болып табылады. Олар өз елінің дамуына пайдасын тигізуге талпынады, сол арқылы өзгелерге үлгі көрсетеді. Сондықтан «Нұр Отан» «Самғау» сияқты жобаларды қолдауда және болашақта да қолдайды.»

Жоғары білімі бар мүгедектердің «Намыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Иманалиевтың хабарлауынша, Қазақстанда 500 мың мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген, олардың 35 мыңы Алматыда тұрады: «Осы адамдардың барлығын қоғам дамуына ат салыстыру, ынталандыру, бірінші кезекте рухани қолдау көрсету маңызды. Бұл орайда «Самғау» сыйлығы мүгедектер үшін өз мүмкіндіктерін дамытып, жаңа деңгейге көтеру бағытында түрткі болмақ.» Биыл да «Самғау» сыйлығы әдебиет, білім, бейнелеу өнері, орындаушылық өнер, қолданбалы өнер саласында орасан жетістіктерге жеткен, қоғам өміріне белсене араласқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға табысталады.

Жұлдыз Омарбекованың пікірінше, бұл сыйлық мүмкіндігі шектеулі адамдарға емес, ерекше адамдарға арналған: «Егер өткен жыл жеңімпаздарының жетістіктеріне қарасаңыз, оларды мүмкіндігі шектеулі деп атауға батылыңыз бармайды. Бұл адамдар ерлік пен қайраттылықтың жарқын үлгісі, өйткені қандай қиындықтарға тап болса да, олар қажымайды, өз елінің дамуына пайдасын тигізуге барынша тырысады.»

0 пікір