Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5943 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 07:04

Жақсылық Сәбитов. Арғындар мен Мажарлардың (мадияр) ДНҚ-генеалогиялық шығу тегі

Арғындар қазақ тайпаларының ішіндегі ең ірілерінің бірі. 1917 жылы Мұхамеджан Тынышбаевтың жинаған мәліметі бойынша арғындардың жалпы саны 890 мың (ол кезде 1-онында байұлы 1030 мың, 3-орында 830 мың наймандар) деп көрсетілген.

Арғындардың шығу тегі көптеген тарихшыларды қызықтырған, себебі олардың өзге тайпалардан (керей, найман, жалайыр, қоңырат, қыпшақ, үйсін және т.б.) өзгешелігі, XIV ғасырға дейін белгісіз болып келгендігінде.

Біз тоқталайық деген негізгі мәселе, бұл - Торғайда өмір сүретін қазақ мажарлардың (мадияр) венгрлермен туыстығының бар жоғын білу, немесе мажарлар арғындардың бір бөлігі ме деген сұрақтар.

Венгрлік мадиярлар мен қазақ мажарларының туыстығы туралы нұсқа Венгрия мен Қазақстанда да айтарлықтай танымал. Венгр-қазақ байланысына арналған конференциялар, экспедициялар, құрылтайлар (съездер) өткізіліп тұрады. Біз мұндай байланыстарға еш күмәнданбастан, қазақ мажарларының шығу тегін анықтасақ деп едік.

Мақалада, сонымен қатар, арғындардың өзінің шығу тегі жөнінде де қосымша мәселелер қарастырылады. Бұл үшін тарихнамадағы арғынның шығу тегі туралы түрлі нұсқалар салыстырыла отырып қаралады.

Тарихшылар арғындардың тегін анықтауда негізінен лингвистикалық құрылымды қолданған. Арғындардың шығу тегі туралы негізгі нұсқаларды санамалап көрейік:

Арғындар қазақ тайпаларының ішіндегі ең ірілерінің бірі. 1917 жылы Мұхамеджан Тынышбаевтың жинаған мәліметі бойынша арғындардың жалпы саны 890 мың (ол кезде 1-онында байұлы 1030 мың, 3-орында 830 мың наймандар) деп көрсетілген.

Арғындардың шығу тегі көптеген тарихшыларды қызықтырған, себебі олардың өзге тайпалардан (керей, найман, жалайыр, қоңырат, қыпшақ, үйсін және т.б.) өзгешелігі, XIV ғасырға дейін белгісіз болып келгендігінде.

Біз тоқталайық деген негізгі мәселе, бұл - Торғайда өмір сүретін қазақ мажарлардың (мадияр) венгрлермен туыстығының бар жоғын білу, немесе мажарлар арғындардың бір бөлігі ме деген сұрақтар.

Венгрлік мадиярлар мен қазақ мажарларының туыстығы туралы нұсқа Венгрия мен Қазақстанда да айтарлықтай танымал. Венгр-қазақ байланысына арналған конференциялар, экспедициялар, құрылтайлар (съездер) өткізіліп тұрады. Біз мұндай байланыстарға еш күмәнданбастан, қазақ мажарларының шығу тегін анықтасақ деп едік.

Мақалада, сонымен қатар, арғындардың өзінің шығу тегі жөнінде де қосымша мәселелер қарастырылады. Бұл үшін тарихнамадағы арғынның шығу тегі туралы түрлі нұсқалар салыстырыла отырып қаралады.

Тарихшылар арғындардың тегін анықтауда негізінен лингвистикалық құрылымды қолданған. Арғындардың шығу тегі туралы негізгі нұсқаларды санамалап көрейік:

1. Мұхамеджан Тынышбаев «Материалы по истории казахского народа» атты кітабында, «қытай тарихшылары V-ғасырда «алынь», «бай-егу» халықтары туралы сөз қылған» деп жазды. Қытайлардың «р» әрпін қолданбайтындығы (түріктерді сондықтан тукиу деп атайды; ал оған көптеген еуропалықтар мән бермей тугиуді түрік тайпаларының бірі деп ойлайды) белгілі.

«Бай» қытайша «ұлы», түрікше «ұлық». Онда «алынь»-ді «арынь» немесе «арғын» деп, ал, «бай-егу»-ді «ұлық-арғын» деп есептеуге болады ғой. Сөздердің мұндай түрленуі әлбетте мүмкін нәрсе, себебі, орхон жазуларында «ұлық-еркін» деген халық көрсетілген [1]. Біз білетіндей Байырку телес тайпасы. Жалпылама алғанда бұл даулы нұсқа.

2. Мұхамеджан Тынышбаев Аристовтың ұстанымын айта отырып, былай деп жазды: «Аристов, қарлықтар мен арғындарды тіпті, ұқсастырмақ болған көрінеді, мұнысымен ол шындыққа жақын болды:

а. Оның мәліметі бойынша арғындардың құрамында (немесе басими аталатындай) қарлықтың 3 руы бар;

б. «Арғын» деген сөздің өзі қарақырғыздардың тілінде «будан» дегенді білдіреді. (қодас пен қарапайым сиырдың қоспасы осылай аталады);

в. Сонау X ғасырда Тоғыз-оғыздың қыспағымен қарлықтар екі бөлікке бөлінді, батысы - XII ғасырда Бұқараның жанында көшіп-қонып жүрсе, шығысы - тек, бір рет қана, яғни, Шыңғысханның жорығы кезінде ғана айтылады. Соған қарағанда, шығыс қарлықтар өзге тайпалармен, мүмкін «арғындармен» араласып кеткен [2]. Біз мұнда арғындардың басмалалар және қарлықтармен этнонимдік этимологиясының ұқсастығы негізінде теңестірген әрекетті көреміз.

3. Кейбір фольк-тарихшылар өз лингвистикалық құрылымдарында Арғындарды Арийлер мен Ғұндардың тұқымдары ретінде көрсетіп, тіпті, Арғын атауы - бұл Арий-Ғұн этнонимдарының қысқатылған нұсқасы деп жариялады. Бұл нұсқаның қателігі тарихтан алшақ адамға көзге бірден қайқалады.

4. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты кітабында, «Орта жүздің арғындары Арғын аға ойраттың тұқымдары» [3], Ирандағы монғолдық қағандардың ізбасары деп жазды. Бізше бұл нұсқа да даулы, себебі, қалайша ойрат тайпасындағы Арғын ағадан қазақ Арғын шығады, бұл да Бірінші Петрден барлық Петрді шығарып, дәлелдемек болғанмен бірдей ғой. Аттастар тарихта қашанда болған және де мұндай нұсқаны келтіру үшін бір ғана үндестік аздық етеді.

Бұл келтірілген барлық нұсқалардың методологиялық негізі Арғындар жайындағы танымал әзілді еске түсіреді: «Арғындар жоғары палеолит кезінде Аргентинада өмір сүрген, ел атауы солардың құрметіне аталған». Барлық нұсқаға қатысты нәрсе, ол арғындарды Монғолия немесе Алтайдан шығаратындығы.

Біздің ойымызша, ДНҚ-генеалогияның жаңа тәсілдерінің көмегімен арғындардың шығу тегін анықтауға, жоғарыда келтірілген нұсқаларды нақтылайтын немесе алшақтататын мүмкіндік туады деп ойлаймыз.

Сонымен қатар, осы мақалада мажарлардың шығу тегі жөніндегі мәселелерді де ортаға салмақпыз. Мажарлар ұрпағы болғандықтан арғындарға тиесілі. Мажарлар мен венгрлік мадиярлардың атау ұқсастығына байланысты, кейбір венгрлік ғалымдар, мажарлар, бұл Венгрияға көшпей өз тарихи отанында қалған мадиярлар деп есептейді.

«A Y-chromosomal comparison of the Madjars (Kazakhstan) and the Magyars (Hungary)» мақаласында [4] зерттеушілер мынандай тоқтамға келеді, мажарлардың көптеген шығысеуропалық будандасулармен генетикалық жағынан туыс, оның ішінде венгрлер мен украиндарда бар. Қазақ мажарлары мен венгрлердің гаплотүрлерінің сараптамасына қарамай, тек қана, сынақтан өткізілген мажарлардың гаплотобы болып табылатын G1 гаплотобының таралуына негізделгендіктен шыққан қорытындыда сәйкессіздіктер бар. Біз, бұл мақаланың сараптамасына кейінірек ораламыз.

Алдымен біз шежіре (ауызша генеалогия) негізінде арғындардың генеалогиялық ағашын түзіп шықпақпыз. Себебі, қазіргі таңда, бір миллионнан астам арғындар өмір сүретіндіктен, біз, арғынның ішкі руларының шығу тегі туралы Генеалогиялық сызбамен шектелеміз.

Бұл кесте арғындардың шежіресі негізінде [5] және Д.М. Исхаковтың мақаласы [6] негізінде құрастырылды.

Кестеге түсініктеме:

Арғын - біз мұны XIV ғасырда өмір сүрген тарихи тұлған ретінде есептейміз. Оның есімі көшпелілердің арасында кең танымал болған. Рудың атауын өмір сүрген адамның есімімен атау тәжірибесі көшпелілер арасында кең таралған [7].

Қодан би, Арғынның ұлы. Жүзге дейін өмір сүрген атақты ақын әрі би. Ол қазақ хандарының атасы Орыс ханның кеңесшісі болған. Баласы Ақжолдың қайтыс болуына байланысты қатты қайғырып, толғау арнайды, ол халықтың жадында күні бүгінге дейін «Қодан би толғауы» атауымен сақталған.

Ақжол (Дайырқожа), Қодан бидің баласы. Ақжол Орыс ханның немересі Барақ ханға Темір әулетінің ықпалынан құтылуға көмектеседі [8]. «Арғындар арасында мынадай аңыз бар, Өзбектің Әбілқайырына ең жақын тұлғалар қарақыпшақ руынан Қобыланды батыр мен арғын руынан Ақжол аталған Дайыр қожа болған. Олардың бақталастығы Дайырқожа (Ақжол) мен қарақыпшақ Қобыландының қырқысуымен аяқталды. Содан Арғындар Әбілқайырдан Қобыландыны сұрайды, хан олардың бұл өтінішін қабылдамайды, сондан соң Жәнібек пен Керей сұлтан бастаған арғындар (және керейлер) Әбілқайырды тастап, шығыс жаққа кетіп қалады. Бұл аңыз тарихтан бізге белгілі Жәнібек пен Керейдің Моғолстанға, Балқаш көлінің оңтүстігіне (Хан тауға) не себепті кеткенін түсіндіреді. Байқағанымыздай, бұл қанды реніштен ұғатынымыз, қалған рулар Жәнібектің ұрпақтары пен шайбанидтерге бөлінген сәтте шайбани әулетінде ешбір арғын қалмайды, сірә, Түркістанды шабуылдаған сәттегі Мұхамед Шайбанимен бірге болған рулардың тізімінде де арғынның аты аталмайды» [9].

Қарақожа Ақжолдың ұлы. Ақжолдың бұл ұлы жас кезінің өзінде өзгеше саяси тұлғаға айналған адам. Ол, Орыс хан тұқымдарының саяси бағытын ұстанған әкесінің еркіне қарамастан Тоқтамыс ханның кеңесшісі болды. Осылайша ол Едігенің ұлы Нұрадиннің тағдырын қайталады. Қарақожаның соңына дейін Тоқтамыстың сенімді серігі болуы, бұл нәтижесінде Арғындарды Шырын, Барын, Қыпшақтардың қатарында, «Тоқтамыстың ерекше мұрагерлері» атты төрттіктің бірі болуға алып келді. Ол Қазан мен Қырымдағы Карачи бек руының рубасы болды, Қарақожаның балалары: қазандық Карачи бек Нарық (Чора Нарықовтың әкесі), қырымдық Карачи-бек Әділ Шүкір бек (Аджа Ямгурчи бектің әкесі).

Негізінен барлық қазақ арғындары да Қарақожадан (тоқал-арғындар: шақшақ пен сарыжетім, мажарлардан басқасы) тарайды.

Қазіргі сәтте қазақтың ДНҚ-жобасында барлығы алты арғын ғана STR-маркер бойынша нәтижесін алды. Бесеуінің гаплотүрлері сәйкес келеді. Олардың гаплотобы G1. Осы бес адамның екеуі үлкен арғынның ішкі руына жатады: Қозған мен Қаржас. Үшеуі Тоқал арғынның ішкі руына (кіші арғындар) жатады: бір Сарыжетім және екі Мажар.

Мажар Арғындар шежіресіне сәйкес Сарыжетімнің шөбересі (Сарыжетім, ұлы Жолдыбай, оның ұлы Жауқашты одан Мажар туады) және жобамен XVI ғасырда өмір сүрген [10].

Сонымен қатар, «A Y-chromosomal comparison of the Madjars (Kazakhstan) and the Magyars (Hungary)» атты мақалада мажарлардың 45 гаплотүрі келтірілді. Бұрынғы Торғай облысында тұратын мажар руының жақын емес туыстарының сынағы алынды. Нәтижесінде 45 сынақ тапсырған мажардың 39 (86,7%) G1 гаплотобы бар. SNP бойынша гаплотоптар анықталды. Қалған алты мажарда өзге гаплотоптар: J2*/-M172 (3 адамда), K/-M9, F/-M89, N/-M231 бар екені анықталды.

Сонымен бірге, DYS 19, DYS 385 a/b, DYS 389-1, DYS 389-2, DYS 390, DYS 391, DYS 392, DYS 393, DYS 437, DYS 438, DYS 439 STR-маркерлері бойынша да сараптамалар жүргізілді.

Төменде қазақтың ДНҚ-жобасынан және мақаладан алынған арғын мен мажардың гаплотүрлерінің салыстырмалы кестесін келтіреміз (бес арғын курсивпен берілген) [11]:

Қаржас пен Қозған рулары үшін жалпылама алғашқы атасы - Қарақожаның ұлы Мейрам (өмір сүрген уақыты - XV ғасырдың ортасы) болғанын ескертеміз.

Үлкен арғын (қаржас пен қозған) мен кіші арғынның (сарыжетім, мажар) жалпылама алғашқы бабасы - Ақжол (өмір сүрген уақыты - XІV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басы).

 

Ішкі рулардың атаулары

N

3

9

3

3

9

0

1

9

3

9

1

3

8

5

а

3

8

5

b

4

2

6

3

8

8

4

3

9

3

8

9

-

1

3

9

2

3

8

9

-

2

4

3

7

4

3

8

Kozgan

1

13

23

13

10

13

17

11

12

13

14

12

29

16

10

Karjas

1

13

23

13

10

13

17

11

12

13

14

12

29

16

10

Saryjetim

1

13

23

13

11

13

17

11

12

14

14

13

29

16

10

Madjar

2

13

23

13

11

13

18

11

12

12

14

12

29

16

10

Madjar

2

13

23

13

11

13

18

11

12

12

14

12

29

16

10

Madjar1

24

13

23

13

11

13

17

X

X

12

13

12

28

16

10

Madjar2

2

13

23

13

11

14

17

X

X

12

14

12

29

16

10

Madjar3

4

13

23

13

11

13

17

X

X

12

14

13

29

16

10

Madjar4

1

13

23

13

11

13

18

X

X

12

14

13

29

16

10

Madjar5

3

13

23

13

11

13

17

X

X

13

14

12

29

16

10

Madjar6

1

13

23

13

11

13

17

X

X

12

15

12

30

16

10

Madjar7

4

13

23

13

12

13

17

X

X

12

14

12

29

16

10

 

Арғындар мен мажарлардың гаплотүрлеріне қарап отырып, мынадай түйін жасауға болады:

Мажарлар арғындардың бір бөлігі және олардың венгрлермен еш жақын туыстығы жоқ, тек венгрлік мажарлармен (мадярлар) бар жоғы аттас қана болған.

Сондай-ақ, арғындардың арғы тегі Монғолиядан шыққан деген нұсқалардың ешқайсысы дәлелденбеді. G1 гаплотобын иемденген Арғындар автохтон болған, немесе Алтын Орданың батыс бөлігінен шыққан болуы мүмкін.

Қазақшаға аударған: Дәурен Мұхамеджанов

«Абай-ақпарат»

Қолданған әдебиеттер тізімі:

1. Мұхамеджан Тынышбаев "Материалы по истории казахского народа", Ташкент 1925 жыл. http://www.history.kz/Articles/argyn.php

2. Мұхамеджан Тынышбаев "Материалы по истории казахского народа", Ташкент 1925 жыл. http://www.history.kz/Articles/argyn.php

3. Шәкәрім Құдайбердіұлы "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі", Бақыт Қайырбековтің орысшаға аудармасы, Алматы, Дастан БК, 1990 жыл. http://www.history.kz/Articles/argyn.php

4. A.Z. Bíró, A. Zalán, A. Völgyi, H. Pamjav «A Y-chromosomal comparison of the Madjars (Kazakhstan) and the Magyars (Hungary)» // American Journal of Physical Anthropology. Volume 139 Issue 3, Pages 305 - 310.

5. Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Арғын. 9-том. 1-3 кітаптар. Алматы. 2007 жыл.

6. Исхаков Д.М. «Родословные и эпические произведения как источник истории сословий улуса Джучи и татарских ханств»// Источниковедение Истории улуса Джучи (от Калки до Астрахани 1223-1556). Қазан. 2001 жыл. 347 бет.

7. Кляшторный С.Г. Савинов Д.Г. «Степные империи древней Евразии». Санкт-Петербор (2005), 44 бет, Юдин В.П. «Центральная Азия в 14-18 веках глазами востоковеда». Алматы. 2001 жыл. 74 бет.

8. Сабитов Ж.М. «Генеалогия Торе» Алматы. 2008 жыл. 83,133 беттер.

9. Мұхамеджан Тынышбаев "Материалы по истории казахского народа", Ташкент 1925 жыл. http://www.history.kz/Articles/argyn.php

10. Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Арғын. 9-том. 3-кітап. Алматы. 2007 жыл. 547,550 беттер. Исмагулов О. «Этническая генография Казахстана». Алматы. 1997 жыл. 19 бет

11. Қазақ ДНҚ-жобасының мәліметтер базасын мына жерден жүктеп алуға болады: http://www.elim.kz/forum/index.php?showtopic=612

0 пікір