Дүйсенбі, 18 Қараша 2019
Жаңалықтар 1127 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 12:03

Ауыт Мұқибекұлы. Мен оралман емеспін!

Мен оралман емеспін ешқашанда,

Ондай күнді, Құдайым, басқа салма.

Өз жерінде әлі отыр туғандарым,

Деме кеше жүк артып қашты атанға.

 

Жетті қолым бақытқа, нұрлы күнге,

Баба қаны бар тамған қыр гүлінде.

Осы қазақ жерінің бір шетімен,

Менің жерім тұтасып тұр бүгінде.

 

Асылдардың бүгінгі сүйегімін,

Домбыраның күй төккен тиегімін.

Тұманбайдың ең жақсы баласымын,

Нұрсұлтанның, білсе егер, жиенімін.

 

Мен оралман емеспін ауып келген,

Тағы жауың емеспін қауып көрген.

Таза күннің шомылған шұғыласына,

Қазағыңмын жоғыңды тауып берген.

 

Ел жайында зертте сен, ізден, жасым,

Жыр маржаны мен болам тізген Қасым.

Саған келіп құятын Ертіс, Іле,

Бастамай ма о, сонау бізден басын.

 

Қазақ деген халықпыз біз ақылды,

Мінгіземіз бір жолда жүз атыңды.

Әкелерім қыз алған Нарынқолдан,

Шамалғанға көп әпкем ұзатылды.

 

Бастан жақты кім қайтіп айырады,

Алакөлдің бар онда Сай(ы)рамы.

Қойың барып қайтады соны қуып,

Жылқың одан артаман жайылады.

 

Тоқтамастан жетеді күй де өкіріп,

Мен оралман емеспін ешқашанда,

Ондай күнді, Құдайым, басқа салма.

Өз жерінде әлі отыр туғандарым,

Деме кеше жүк артып қашты атанға.

 

Жетті қолым бақытқа, нұрлы күнге,

Баба қаны бар тамған қыр гүлінде.

Осы қазақ жерінің бір шетімен,

Менің жерім тұтасып тұр бүгінде.

 

Асылдардың бүгінгі сүйегімін,

Домбыраның күй төккен тиегімін.

Тұманбайдың ең жақсы баласымын,

Нұрсұлтанның, білсе егер, жиенімін.

 

Мен оралман емеспін ауып келген,

Тағы жауың емеспін қауып көрген.

Таза күннің шомылған шұғыласына,

Қазағыңмын жоғыңды тауып берген.

 

Ел жайында зертте сен, ізден, жасым,

Жыр маржаны мен болам тізген Қасым.

Саған келіп құятын Ертіс, Іле,

Бастамай ма о, сонау бізден басын.

 

Қазақ деген халықпыз біз ақылды,

Мінгіземіз бір жолда жүз атыңды.

Әкелерім қыз алған Нарынқолдан,

Шамалғанға көп әпкем ұзатылды.

 

Бастан жақты кім қайтіп айырады,

Алакөлдің бар онда Сай(ы)рамы.

Қойың барып қайтады соны қуып,

Жылқың одан артаман жайылады.

 

Тоқтамастан жетеді күй де өкіріп,

Қол соқпаймыз жасалған сыйға өтірік.

Тілеуханов Бекболат салған әнді,

Бірден тыңдай береміз үйде отырып.

 

Мен оралман емеспін, қандасыңмын,

Армандарды арманға жалғасын күн.

Тізіп ақыр берейін өткенімді,

Ізі жатыр артымда сан ғасырдың.

 

Айырғанда жау келіп малды өрістен,

Жазды дастан әжелер сан көрістен.

Азаттықтың жолында кеше менің,

Бабаларым жан алып, жан беріскен.

 

Бәрі ел үшін жыласақ, еңіресек,

Кісі жанын қинайды жемір өсек.

Сол күрестің бір кезде арқасында,

Болды Шығыс Түркістан мемлекет.

 

Болды Туым, Елтаңбам, Шаңырағым,

Болды тағы айбынды Әнұраным.

Сендік пе біз, білмеймін, сенбедік пе,

Дәл осындай алдыда барына күн.

 

Ел едік қой, ешқашан, былғанбаған,

Неге бізді озбырлар қылған «жаман».

Мына ел, мүмкін, жылжитын еді солай,

Сол мемлекет күйремей тұрғанда аман.

 

Көп болды ғой шайқаста құрбан елден,

Азап болды бақыты жылда көрген.

Маралтай мен Әмірхан барар еді,

Мұрат пенен мен құсап мұнда келген...

 

Бұл қазақты Жоңғар да, Шүршіт қырды.

Кетпей менің көзімде бір шық тұрды.

Қара қытай сол қайран мемлекетімді,

«Ұлы орыстың» қолымен тұншықтырды.

 

Өршіп тұрған басылды көңіл әлгі,

Бостандықтың үзіліп жолы қалды.

Сөйтіп, Қытай, Орысың ортасынан,

Бір қазақты екіге бөліп алды.

 

Кіргенімен жеріме баса көктеп,

Тұрды біздің байлаулы тасада ат көп.

Алпарысты әлінше екі көрші,

Бір ұлттан екі ұлт жасамақ боп.

 

Салды қытай жерімде сайран кілең,

 Ауыстырдым араққа айранды мен.

Компартия көргенім көзімді ашып,

Ал, басқасын мен байқұс қайдан білем.

 

Білмеген кез істің де жөнін әлі,

Кірмеген кез шалқитын көңіл әрі.

Болды сөзім айтатын соның сөзі,

Әніміз де шырқайтын соның әні.

 

Өтті бастан талайы ауыр күннің,

Шайқалтпады іргесін дауыл кімнің.

Қызыл қытай билікке келген күнді,

Азат болған күнім деп шауып жүрдім...

 

Қазақ жері мекенім қырат, қырат,

Мен оралман емеспіп, бірақ, бірақ.

Білдік бәрін, сонан соң тек Құдайдан,

Бостандықты алдық қой жылап, сұрап.

 

...Сөз де бүгін түзелді, ән де бүгін,

Мені мәңгі тәуелсіз жан деп ұғын.

Көштің жолын кеңірек ашу керек,

Түйеге артқан сол көштің сәнде жүгін.

 

Шешті бәрін Нұрекем келісіммен,

Кетті жерім бабамның тері сіңген.

Бармақ тістеп мен байқұс қала бердім,

«Қайран менің мекенім!» деп ішімнен.

 

Таласпасын ұшатын жұрт көгіме,

Үңілмесін ешкім де сырт, тегіме.

Біреулердің пысқырман «ұрғанына»,

Біреулердің қараман түртпегіне.

 

Қалды алмай бұл жаққа жұрт ағыла,

Қар басыты ма асуды, қырқаны да.

Тұманбайдың жылытты алақаны,

Біреулердің көнбеймін бұлтағына.

 

Жерім байтақ, еркімде егем нені,

Шайқалта алмас Ақмола, Кеген желі.

Мен оралман емеспін ешқашанда,

Өздеріңсің оралман деген мені.

 

Мен оралман емеспін, байқа, азамат,

 Жылы сумен аузыңды шайқа, азамат!

Бауырына тартпайма қандасым деп,

Бірін-бірі қолпаштап қайта қазақ!

 

Паналасын қарағай, талдарыма аң,

Жығылмасын деп тіле жарға құлан.

Мен оралман емеспін, Алатаудың,

Аса салған баламын ар жағынан.

 

Қарамаған халықпыз серіге тік,

Көрген де емес бағымыз кері кетіп.

Ар жағынан кәдімгі Іле өзеннің,

Өте шыққан жігітпін бері кешіп.

 

Арыстан жал ақынмын, бөрі табан,

Ауылы тыныш болған соң, өрісі аман –

Мен оралман емеспін, кең даламның,

Бір шетінен сырғыдым бері таман.

 

Шәкіртімін Тұманбай кемеңгердің,

Биіктермін жырда әлі, тереңдермін.

Құм құйылсын аузына, тас тығылсын,

Мені оралман өмірде дегендердің!

Ауыт Мұқибек

27.10.2011

Астана

0 пікір