Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4523 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 05:55

Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту бойынша ұсыныстар

БІЛІМ САЛАСЫ: Егемендік алғаннан кейін ұлттық мектептер саны күрт өсіп, мемлекеттік тіл өзіне тиесілі кеңістікті толық жайлайды деген үміт ақталмай отыр. Оған басты себеп егемендік алған жиырма жыл ішінде біз ұлттық мектептің культін қалыптастыра алмадық. Біз әлемдік стандартқа көшеміз деп әуреленіп жатырмыз. Ал қазіргі тәуелсіз мектептердегі қолданылып отырған жүйеміз кеңес дәуірінен қалған мұра. Оны тастайтындай ұлттық модель әлі жасалған жоқ. Осының салдарынан Қазақстанда қазақ мектептеріне деген құштарлық бәсең.
Ұсыныстарымыз:
- білім берудің ұлттық модельдері жасалып, бекітіліп,қазақ мектептеріне реформа жасалуы тиіс;
- мемлекет қаржыландыратын білім беру мекемелері негізінен мемлекеттік тілде болуы шарт;
- мемлекеттік орындар қалалардағы қазақ балабақшаларына деген сұранысты бірден өтеп отыру жағын көздеп, жалпы республика көлемінде қазақ балабақшаларының санын арттыруды жоспарлы түрде жүзеге асыруы керек;
- жалпы білім беретін қазақ мектептеріне мемлекет тарапынан қамқорлық күшейіп, қазақ тілінде белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер саны көптеп ашылуы керек;
- қазақ тіліндегі бастауыш мектептер түрі, санаты, мазмұны жағынан да еуропалық стандартқа немесе шығыстық үлгідегі мектептерге жақындамайтын таза, ұлттық сипатта болуы керек;

БІЛІМ САЛАСЫ: Егемендік алғаннан кейін ұлттық мектептер саны күрт өсіп, мемлекеттік тіл өзіне тиесілі кеңістікті толық жайлайды деген үміт ақталмай отыр. Оған басты себеп егемендік алған жиырма жыл ішінде біз ұлттық мектептің культін қалыптастыра алмадық. Біз әлемдік стандартқа көшеміз деп әуреленіп жатырмыз. Ал қазіргі тәуелсіз мектептердегі қолданылып отырған жүйеміз кеңес дәуірінен қалған мұра. Оны тастайтындай ұлттық модель әлі жасалған жоқ. Осының салдарынан Қазақстанда қазақ мектептеріне деген құштарлық бәсең.
Ұсыныстарымыз:
- білім берудің ұлттық модельдері жасалып, бекітіліп,қазақ мектептеріне реформа жасалуы тиіс;
- мемлекет қаржыландыратын білім беру мекемелері негізінен мемлекеттік тілде болуы шарт;
- мемлекеттік орындар қалалардағы қазақ балабақшаларына деген сұранысты бірден өтеп отыру жағын көздеп, жалпы республика көлемінде қазақ балабақшаларының санын арттыруды жоспарлы түрде жүзеге асыруы керек;
- жалпы білім беретін қазақ мектептеріне мемлекет тарапынан қамқорлық күшейіп, қазақ тілінде белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер саны көптеп ашылуы керек;
- қазақ тіліндегі бастауыш мектептер түрі, санаты, мазмұны жағынан да еуропалық стандартқа немесе шығыстық үлгідегі мектептерге жақындамайтын таза, ұлттық сипатта болуы керек;
- ҰБТ-тапсыру кезінде қазақ тілін міндетті пән ретінде енгізу керек және одан үштік баға ала алмағандарды ЖОО-ға қабылдамауды заңдастыру керек; 
- арнаулы техникалық және жоғары оқу орындарында қазақ топтарын көбейту, қазақ тілінде оқулық және оқу құралдарын жазатын ғалымдарға стимул жасау мәселелері жолға қойылуы керек.

ҒЫЛЫМ САЛАСЫ: Тілді дамыту туралы заң және оны орындаудың жолдары және т.б. мәселелерді шешудің ғылыми негізін әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер анықтап беретіндігі белгілі. Өкінішке орай, егемендік алғанға шейін де, алғаннан кейін де тіл білімінің бұл саласы Қазақстанда ойдағыдай дамымады. Жеке-жеке зерттеулер болмаса, тіл біліміне қатысты іргелі зерттеулер жүргізумен айналысатын А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында бұл салаға қатысты бөлім ашылып, арнайы кешенді зерттеулер жүргізілген емес.
Осыған орай, төмендегідей ұсыныстарымызбар:
- ғылыми жобаларды қаржыландыру кезінде қазақ тілінің қоғамдағы қызметін қарастыруға бағытталған әлеуметтік лингвистикалық, ғылыми-практикалық зерттеулерге басымдық беру;
- тілді зерттейтін, оқытатын түрлі мекемелерде және облыстық тіл орталықтарында мемлекеттік тілдің қызметіне мониторинг жасаумен айналысатын әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер жүргізетін бөлімдер, жұмыс топтарын құру;
- жоғары оқу орындарының әлеуметтану және саясаттану мамандықтарында оқитын студенттеріне әлеуметтік лингвистика пәні бойынша арнайы курстарға сағат бөлу;
- мемлекеттік тілдің қызметін кеңейтуді тиімді қамтамасыз ету үшін тіл басқармаларына, тіл орталықтарына және мемлекеттік мекемелердегі тіл бөлімдеріне арнайы дайындығы бар мамандар дайындау мақсатында қазақ филологиясы факультеттеріне әлеуметтік лингвистика мамандықтарын енгізу.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ: Әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызға жуығы қазақ ұлтынан бола тұра мұнда да жағдай мәз емес. Ондағы жағдайды дұрыстау үшін мынадай шараларды жүзеге асыру керек деген ойдамыз:
- Тілдерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген кестедегі мерзімді сақтау үшін мекеме басшылары және ондағы Тіл бөлімдері күш салуы керек; 
- мемлекеттік мекемелердегі тіл бөлімдері қызметшілерді тілге қатысты заңдармен және мемлекеттік тілдің қызметін кеңейтуге, дамытуға бағытталған басқа шаралармен үнемі таныстырып отыруды қолға алулары керек;
- мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметке алар кезде үміткердің мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізе алатындай деңгейде болуын негізгі шарттардың бірі ретінде ресми бекіту қажет;
- ал іс басындағы мекеме қызметшілерінің мемлекеттік тілде іс жүргізе алатындай деңгейдегі сауаттылыққа жетуіне мерзімдер белгілеп, оң нәтиже бермеген қызметшілерге тәртіптік шаралар қолданылуы қажет;
- мемлекеттік мекеме басшылары қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренуіне материалдық жағдай жасауы керек. Оқу кезінде айлық жалақысының сақталуы, арнайы жабдықталған кабинеттер бөлу және оны электронды оқу құралдарымен жабдықтау және т.б.
Жергілікті атқарушы органдардағы тіл білмейтін қызметшілерді оқытуға мемлекеттік бюджеттен қыруар ақша бөлініп келеді. Облыс орталықтары мен Астана қаласын былай қойғанда Алматыдағы мемлекеттік қызметшілерді оқытуға бөлінген ақша 2006 жылы 6 млн., 2007 жылы 8 млн., 2008 жылы 14 млн., 2009 жылы 16 млн., 2010 жылы 18 млн-дықұрап отыр. Бірақ нәтиже онша мардымды емес. Мемлекеттік бюджеттен шығындалған қаржыны тиімді пайдалану үшін, біздіңше, мынадай шаралар жүзеге асырылуы тиіс:
- Астана, Алматы қалалары мен облыстардағыәкімдіктерге қарасты «Тіл» орталықтарына қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтап, заңдық күші бар куәліктер тапсыратын құқықтар беру;
- мемлекеттік тілді оқытуға шығындалған қаржының тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік тілді білмейтін немесе нашар білетін қызметшілерді тіл үйрену курстарына қатыстыруды өндірістен қол үзіп оқу жүйесімен ұйымдастыру, мемлекеттік тілде іс жүргізе алатын қызметшілердің өзін үш жыл сайын біліктілігін арттыру курсынан өтуге міндеттеу;
- үш (бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген) деңгейді сәтті аяқтап, қорытынды сынақтан 70 пайыздан артық ұпай жинап, мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізудің біліктілік талаптарын толық меңгергендігін растайтын куәлік алған қызметшілерді материалдық жағынан ынталандыру шараларын ұйымдастыру.
Алдағы мақсатымыз мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуді 100 пайызға жеткізу болса, онда мынадай шаралар қажет:
- әрбір мемлекеттік мекеме өз саласына қатысты қолданылатын ісқағаздардың типтік үлгілерін анықтап, әдеби нормаға сай орысша-қазақша электронды нұсқаларын дайындаттыруы тиіс;
- сала-салаға қатысты басқа да әдебиеттердің мемлекеттік тілге аударылуына тапсырыстар беру, қаржы шығарып дайындатып жарыққа шығуына әр саланың мекеме басшылары бірінші кезекте өздері мүдделі болуы тиіс; 
- санатына қарамастан кез келген мемлекеттік мекемедегі шығыс құжаттары тек мемлекеттік тілде дайындалуын күнделікті нормаға айналдыру қажет. 
БАҚ: «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі», - деп А. Байтұрсынұлы бекер айтпаса керек. Мемлекеттік тілдің таралуына БАҚ-тың әсері өте күшті екендігі қазір қатты білініп тұр. Қазақ тілінде таралатын газет-журналдардың пайыздық көрсеткіші әлі де төмен екендігін ескере отырып, оны көтерудің төмендегідей жолдарын ұсынамыз:
- мемлекеттің қарауындағы БАҚ-тардың негізінен мемлекеттік тілде шығуын заңды түрде жолға қою;
- меншік нысанына қарамастан мемлекеттік тілде шығып, таратылатын газет-журналдарға ресми қолдаулар көрсету;
- мемлекеттік тілге көшкен аймақтардағы жергілікті атқарушы ұйымдардың баспасөз құралдары тек мемлекеттік тілде шығуын қадағалау.   
Қазақ тілінің теледидардағы, радио желісіндегі, жарнамалардағы күйі де ойдағыдай емес. Мемлекеттік тіл өзіне тиесілі кеңістіктің жартысына да тарала алмай өз жерінде өгейдің күнін кешуде. Және де бүгінгі күні нақты шаралар қолданылмаса, бұл күй талай жылдарға жалғаса берері сөзсіз. Біздің ойымызша, телеарналар толық мемлекеттік тілде сөйлей бастау үшін қазақша бағдарламаларға мемлекеттік тапсырыстарды көбейту керек. Мемлекеттің қарауындағы телеарналардың басшылығына байқау өткізу және үміткерлердің арнаның жұмысын жетілдіру бойынша жоспарларын сараптау арқылы ұлттық мүддені көздейтін тұлғаларды тарту керек. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде ғана таралатын БАҚ-тарғаәлемдегі ақпаратты бірінші болып алу, тарату, ұтқырлық, инновациялық технологиямен қамтамасыз ету мәселелері жолға қойылса, бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік тілдегі БАҚ өзгелерден озық тұрса ғана республикамызға мемлекеттік тілдің таралуы, кеңеюі нақты мерзімдерде жүзеге асырыла бастайды.Сондай-ақ, БАҚ-тардың мемлекеттік тілде ақпарат таратуына нақты көлем белгілеп, соның орындалуын қатаң қадағалап отыратын пәрменді мемлекеттік ұйым қажет.
ЖАРНАМА: Өнімді жарнамалау үлкен шығынды қажет етеді. Сондықтан өз өнімін жарнамалауға кез келген өндірушінің шамасы жете бермейді. Мемлекеттік БАҚ-тарда отандық өнімдерді мемлекеттік тілде жарнамалау тегін немесе жеңілдетілген бағамен жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі таңда жарнама тілінің мемлекеттік тілде болуы өндірушіге де тұтынушыға да пайдалы. Көптеген жарнамалардың қазақшасы адам үркітерліктей болып шығып жатқандықтан тауарға деген сұраныс төмендеп, өндірушіге зиян келіп жатқандығын дәлелдеп, жарнаманың аударма емес, о бастан-ақ мемлекеттік тілде жасалуына күш салу керек.
Орыс тіліндегі жарнамаға берілетін мәтін эстетикалық, дизайндік, тілдік-эмоциялық әсері тексеріліп, бірнеше сарапшының талқысынан өтіп барып көпшілікке ұсынылады. Ал қазақ тілі жағы тек бір аудармашының өресімен шектеледі де көбіне оның тұтынушыға әсері жеткілікті болмайды. Кейде қазақ ұғымына жат нәрселер жарнамаланады. Мәселен, жаңа көшіп келген үйге бірінші мысықты жіберу, күйеуін ұрып құлату және т.б.
Қазақтың тарихында өлең сөз, поэзия өзінің негізгі қызметімен қоса, ауыздан ауызға көшкен кездегі құрылысының, тұрақтылығына байланысты жазу сияқты тарихи деректерді де біршама дәл күйінде ілгері жеткізіп отырады. Яғни қазақ үшін өлең сөздің мәні өте зор. Қазіргі жарнамада осы өлең, шешендік сөздерді, мақалдарды пайдалану жетіспей жатыр. Жарнаманың тек қазақ тілінде және қазақ тілінің табиғатына, қазақ ұлтының ұғымына сай болуынан жарнама беруші  ұтылмайды. Қазіргі жарнамалардың 99 % орыс тілінен аударылады. Және де көбіне қате, тартымсыз аударылатындықтан, азаматтарды жарнамаланатын затқа ынтықтырудың орнына кері әсер тудырады.
Еліміздегі тұрғындардың жартысынан артығы мемлекеттік тілді біледі. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өсе бермекші. Жарнама берушілер тауарларының тұтынушыға көбірек тарауына мүдделі болғандықтан жарнаманы таза қазақ тілінде жасай бастауы керек.

Б. Сейсенбекұлы

http://www.mtdi.kz/kz/makalalar/ruxaniat/653

0 пікір