Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4063 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 06:17

«Тәуелсіздік тағылымы» фотокөрмесі – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналады

Алматы қаласы, қазанның 28-і, 2011 жыл, - 2011 жылдың 2 қарашасында, Алматы қаласында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің  20 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тағылымы» («Избранное из истории Независимости») фотокөрмесінің ашылуы өтеді. Басталуы сағ. 11:00.

Мерекелік шараны  Алматы  және Астана қалалары әкімдігінің  қолдауымен  «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.

Фотокөрменің бас серіктесі  - «Bank «RBK» АҚ .

Көрменің мақсаты - егемен ел ретіндегі жиырма жыл уақыт аралығындағы объективімізге ілінген мемлекеттік, қоғамдық, саяси және рухани маңызы бар сәттер мен оқиғаларды келер ұрпаққа шежіре түрінде қалдыру.

Көрменің  ерекшелігі - еліміздегі 20 маңдайалды фотожурналистерге тиесілі бірегей  200-ге жуық фотосуреттердің қойылуында. Оның ішінде:

Шүкір Шахай, ҚР Премьер-министрінің жеке фотографы

Сайлау Майлыбаев, ҚР Парламентінің фотографы

Орынбай Балмұрат, «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі

Ермек Сарбасов, ҚР Қорғаныс министрлігінің фотографы

Мұхтар Қалдарбеков, «Қазақпарат» агенттігінің фототілшісі

Айтжан Мырзанов, «Айқын» газетінің фототілшісі

Нұрғожа Жұбанов, ардагер фотожурналист

Асылхан Бәген, ардагер фотожурналист

Нұрманбет Қизатұлы, ардагер фотожурналист

Нұрғиса Елеубеков, «Алаш айнасы» газетінің фототілшісі

Жұмабай Мұсабеков, «Жетісу» газетінің фототілшісі

Амангелді Мутигуллин,  «Прикаспийская коммуна» газетінің фототілшісі.

Сәрсенбек Қызайбекұлы, «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі

Самат Құсайынов, «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі

Серік Зұлқаров, «ФОТОӨНЕР» ҚБ-ің фотографы

Сұлтан Сейітов, «Астана ақшамы» газетінің фототілшісі

Алтынбек Қартабай, Жамбыл облыстық «Ар-Ай» газетінің фототілшісі

Сәби Майемеров, Маңғыстау облыстық әкімшілігінің фототілшісі

Жеңіс Ысқабай, Алматы облыстық әкімшілігінің фототілшісі

Көрме екі кезеңнен тұрады.  Бірінші кезеңде көрме 2 қараша мен 8 қараша аралығында  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Тәуелсіздік бесігі» атанған,  Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өтеді.

Одан кейін  16 қарашада фотокөрме өзінің есігін ел ордасы Астана қаласындағы  «ҚР Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» мемлекеттік мекемесі орналасқан Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдениет орталығында айқара ашып,  қараша айының соңына дейін жалғасады.

Қорытынды кезеңде 10 - 20 желтоқсан аралығында фотокөрмені қазақстандық экономиканың қарқынды дамуының айқын дәлелі және еліміздің теңіз қақпасы болып саналатын  Ақтау қаласында өткізу жоспарлануда.

«Тәуелсіздік тағылымы» («Избранное из истории Независимости») фотокөрмесінің нәтижесі бойынша аттас атпен фотосуреттер және осы тарихи шараны ұйымдастыруға және қолдау көрсетуге ат салысқан адамдар бейнеленген фотоальбом шығарылады.

Осылайша, фотокөрмеге қатысушылар, демеушілер мен серіктестер өздерінің есімдерін тәуелсіз Қазақстанның  тарихына мәңгілікке еңгізеді.

2011 жылдың 16 желтоқсанында біздің Отанымыз  - Қазақстан республикасы өзінің 20 жылдық Тәуелсіздік тойын атап өтетіні белгілі.

Тәуелсіздік мерейтойы ағымдағы жылдың ең басты оқиғасы болып саналады және қазақстандық және әлемдік қоғамның назарында екендігі баршаға мәлім.

Қазақстан өзінің өткен 20 жылдық Тәуелсіздігі ішінде жарқын және ұлы оқиғаларға қанық даму жолын өтті.  Осы қысқа уақыт аралығында Қазақстан тұрақты, қарқынды дамыған экономикасы бар мықты мемлекетке айналды.

«ФОТОӨНЕР» Қоғамдық бірлестігінің президенті Асылхан Әбдірайымның айтуынша: «Осы уақытқа дейін жас мемлекеттің басқан әрбір қадамын  суретке түсіріп, тәуелсіз Қазақстанның фотошежіресін құрастырып, өзінің тәуелсіздігіне бет алған халықпен бірге фототілшілер де бір қатарда жүрді».

Осылайша, «Тәуелсіздік тағылымы» («Избранное из истории Независимости») фотокөрмесі мерейтойлы жылдың ең жарқын оқығасына айналып, Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық мерекесіне өзінің беделді үлесін қосатындығы анық.

«Тәуелсіздік тағылымы»

фотокөрмесінің ұйымдастырушы комитеті

Тел: + 7 777 216 27 8 1

+  7 705 218 36 73

fotooner@mail.ru

0 пікір