Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3193 1 пікір 18 Ақпан, 2020 сағат 12:37

15 баласы барларға 159 мың берейік дегенді естігенде ұялып кеттім

Елде көпбалалы ана болғаным үшін айына 10 500 тг алып келдім ғой осы жылға дейін. Ол бір баламды ағылшын тілі курсына беруге де жетпейтін еді.

Америкада рахат, “сен қазақсың” демеді, тегін мектеп, тегін қосымша сабақ, оған қосымша тегін ағылшын тілі курсы, мектепте тегін ыстық тамақ, тегін үйірмелер, балаларға тегін жол жүру билеті... берілді. Оның үстіне, елде қанша ақша төлеп емдетіп келген тістерін дәрігерлер тексеріп “мынау не деген масқара, тістерін дұрыс емдемеген ғой, қайтадан емдеп берейік” деп ұсынып жатыр. Елден кетерде өзімше Америкада бәрі қымбат болар деп емдетіп әкелген түрім еді ғой.

Құбылайға ертеректе Ресейден келген мұғалімі “мергендік сенің қаныңда бар ғой” деп, садақ ату үйірмесіне қатыстырған. Қатысқанына бір ай ғана өтсе де таяуда мектепаралық сайыстарға қатысып, екінші орын алып келді.
Тренері “Маған бұл баланы періштелер жеткізді” деп қуанып жүр.

Кейде “осынша жақсылықты қайтара аламыз ба?” деп, біртүрлі өзіңді қарыздар сезіне бастайды екенсің.

Ал Қазақстанымда... 15 баласы барларға 159 мың берейік деп жатыр. Ұялып кеттім естігенде. Ол кісілер қалай ұялмай айтты екен, а?

Назира Байырбектің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір