Сенбі, 27 Сәуір 2024
2583 2 пікір 15 Ақпан, 2020 сағат 13:34

Душанбе: Тәжікстан алдағы үш жылда Қытайдан несие алмайды

Тәжікстан қаржы министрінің мәлімдеуінше, үкімет алдағы үш жылда Қытайдан несие алуды жоспарламаған.

Файзиддин Каххорзода 13 ақпанда баспасөз конференциясын өткізіп, Тәжікстанның Қытайға берешегі ел тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді делінетін америкалық зерттеуге қатысты пікір білдірді.

Қаржы министрінің пікірінше, америкалық зерттеушінің қорытындысын "бар болғаны сарапшы пікірі ғана" деп қабылдау керек.

Америкалық зерттеуші Сэм Паркер Пекиннен үлкен көлемде несие алып отырған Душанбені ел тағдырын ойлауға шақырды. "Осылай кете берсе, Тәжікстанның табиғи ресурсы Қытайдың қолына көшеді" деп ескертті зерттеуші.

Тәжікстан қаржы министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, қазір Душанбенің Пекинге қарызы - 1,1 млрд доллар.

Abai.kz

2 пікір