Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 4441 1 пікір 25 Желтоқсан, 2019 сағат 10:44

Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың даму қарқынына оң баға беріп, ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша, атап айтқанда, сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларында ілгерілеу байқалатынын атап өтті.

Алексей Бородавкин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ, елшіліктің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.

Abai.kz

1 пікір